Швейцариядағы Альпі тауына саяхат (видео)

Швейцариядағы Альпі тауына саяхат (видео)
Фотограф Alessandro Della Bella атақты Альпінің ең көрікті асуларын видеоға түсірген. Цюрихтегі Keystone агенттігінің қызметкері тамаша бір дүние дайындап шығарыпты.

Бір қоса кетерлігі, Швейцариядағы Альпі тауы аталған мемлекеттің көп бөлігін алуда және 200 шақырымға созылып жатыр. Таудың орташа биіктігі 1700 метрді құрайды екен. 

Әлемнің түкпір-түкпірінен жылда бұл жерге миллиондаған саяхатшы келеді. Қалалық бөлікте демалыс орталықтары мен темір жол тораптары салынған.

Альпі тауы осы өңірдегі кәсіптің 60 пайызын қамтиды. Жұртшылық арасында жұмыс мәселесі оңтайлы шешілгенімен, экологиялық бірқатар мәселе туындап отыр. Туристердің 75 пайызы бұл жаққа өз жеке көліктерімен қатынайтын көрінеді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: vesti-online.com

Л. Лига