Вьетнам – аждаһалар мен періштелер елі – 2

Вьетнам – аждаһалар мен періштелер елі – 2

Вьетнам еліне жасаған виртуалды саяхатымызбен таныс болсаңыз, осы өлке және оның жергілікті адамдары туралы ең қызықты деген деректерге назар аударыңыз:

1. Вьетнам Жаңа жылының ("Тет" деп аталады) нақты күні жоқ, олар ай күнтізбесіне байланысты атап өтеді.

2. Вьетнам күріш өндіруден әлем бойынша екінші орында тұр.

3. Вьетнамдықтардың орташа өмір сүру жасы: әйелдер – 74, ерлер – 69.

4. Вьетнам мектептерінде оқушыларды гонг (соғып ойнайтын музыка аспабының түрі) шақырады.

5. Вьетнамның ұлттық спорт ойыны – Takraw (Такрав). Бұл – аяқпен ойналатын воллейбол. Сондықтан, осы спорт ойыны бойынша чемпионаттар жиі өткізіліп тұрады. Такрав тек Вьетнамда емес, Лаоста, Тайландта, Бирмада, Камбоджада  кең танымалдылыққа ие.

6. АҚШ-та Вьетнам тәуелсіздігі 1995 жылы ғана мойындалды.

7. Вьетнамдағы ұлттық әйелдер киімі "Ао Да" деп аталады.


8. Елдің ең биік нүктесі – Фансипан тауы, оның биікітігі – 3143 метр.

9. 2008 жылы осы елде "Ғалам Аруы" байқау өткізілді. Нәтижесінде, венесуэлалық Дайана Мендоса жеңімпаз атанды.

10. Ба На шипажайындағы әлемдегі ең ұзын канаттық жол Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Ал теңіз үстіндегі ең ұзын канаттық жол тағы да осы елдегі Нячанг шипажайында екен.

11. Вьетнам жағалауындағы Халонг бухтасы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұрасының қатарына енген.

12. Ресейден шығарылатын қарулардың негізгі сатып алушысы – Вьетнам. Жалпы экспорт арқылы Ресейге келіп түсетін қаржының көп бөлігі Вьетнамнан түседі екен.

13. Вьетнамда ең көп таралған фамилия – Нгуен (Nguyễn). Статистикаға сенсек, 40% халқы осы фамилияны иемденген.

14. Аңыз бойынша, вьетнамдықтар аждаһа мен періштеден пайда болған екен.

15. 2008 жылы туристер қауымы Вьетнамдағы Фукуок жағажайын "Әлемнің ең оқшау орны" деп тапты.

16. Вьетнамдықтардың 20 миллионы қозғалыс үшін велосипедті пайдаланады.

17. Әрбір вьетнамдықтың шағын бизнесі бар, жеке жоқ болса да, отбасылық бизнесті айналдырады. Орта және шағын бизнеспен халықтың 92%-ы айналысады.

18. Анджелина Джоли Вьетнамнан ұл бала асырап алған.

19. 2009 жылы Вьетнамның солтүстік-батысынан әлемдегі ең үлкен үңгір табылды.

20. Туристердің айтуынша, вьетнамдық әуе жолдарының қызмет көрсетуі (сервисі) – ең үздіктердің қатарында екен.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com