Ғаламшарымыздың ең сүйікті қалалары

Ғаламшарымыздың ең сүйікті қалалары

Американдық танымал "Condé Nast Traveler" журналы таяуда ғана ғаламшарымыздағы ең сүйікті қалалардың тізімін жасап шығарды. Олар ұзақ мерзім бойында оқырмандарының арасында сауалнама жүргізген. Рейтингті анықтауда қаланың "қонақжайлығы", "атмосферасы", "мәдениеті", "тұрмыс жағдайы", "асханасы", "дүкендердегі сатылымдар" сынды белгілері есепке алынады.

Бір қызығы, нәтиже бойынша "ең сүйікті қала" атағын – көпшілікке жақсы таныс емес Сан-Мигель-де-Альенде (исп. San Miguel de Allende) қаласы иемденді.

Ол мексикандық Гуанахуато штатында орналасқан. Қаланың атағы отарлық дәуірден хабар беретін сансыз ескерткіштердің арқасында белгілі болып отыр. Сан-Мигель-де-Альенде 2008 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрасының тізіміне енген екен. 

Ал күміс медальдің иегері – итальяндық Флоренция.

Тізімнің үшінші қатарындағы Будапешт қаласы арзан тұрмысының арқасында жоғарғы бағаға ие болды.

"Condé Nast Traveler" журалының ондығы төмендегідей:

Сан-Мигель-де-Альенде, Мексика
Флоренция, Италия
Будапешт, Венгрия
Зальцбург, Аустрия
Чарлстон, Оңтүстік Каролина
Сан-Себастьян, Испания
Вена, Аустрия
Рим, Италия
Сиена, Италия
Квебек, Канада

Сіздің жоғарыдағы ондыққа айтарыңыз бар ма? Сүйікті қалаңыз қандай?

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vladmama.ru


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар