Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ең үздік теңіз шипажайлары

Ең үздік теңіз шипажайлары

Ең үздік теңіз шипажайлары

Назарларыңызға ғаламшарымыздағы ең үздік теңіз шипажайларының тізімін ұсынамыз:

1. Грекия, Имеровигли ауылы

Грекиядағы Санторини аралында орналасқан осы бір шағын ауыл бұрынғы кезде шолғыншы ауыл ретінде қолданылатын болған екен. Керек десеңіз ешбір кеме бұл жерден байқаусыз өте алмаған. Себебі, ауыл шыңның басында тұр. Ал қазір осы жердегі шипажайға барып, теңіз өмірін биіктен қарай аласыз.

2. Португалия, Лагуш қалашығы

Португалияда Лагуш деп аталатын қалашық бар. Сүйкімді жағажайы, көрнекті орындары мен алаңсыз демалыс сыйлайтын қасиеті арқылы Лагуш әлемге атағын жайған. Осы жерде болған туристер Лагуш шипажайында бірде-бір мін жоқтығын айтады екен. Ендеше, теңіз құшағына қарай асығыңыз.

3. Италия, Капри шипажайы

Капри теңіз шипажайы лауазымын б.з. І ғасырында-ақ алып үлгерген. Дәл осы кезде римдік император Тиберий аралға жазғы вилла соқтырған екен. Айтпақшы, осы виллада Максим Горький екі жылдық өмірін өткізген. Теңіз жағасындағы шипажайдың емдік қасиеттері мол.

4. Испания, Марбелья

Алыс түкпірдегі ауылдың әлем танитын теңіздік шипажайға айналуына небәрі он жыл ғана уақыт кеткен. Бұл жерге әлемдегі ең танымал тұлғалар, испандық патшалық отбасы және араб шейхтары келіп демалады. Теңіз ауасы ешбір жерде қайталанбайтындығымен ерекшеленеді.

5. Хорватия, Опатия

Бұл аймақтың, әсіресе, Адриатика жағалауының климаты өткен ғасырда-ақ, "адам ағзасының дәрігері" деген атаққа ие болып қойған. Көпшіліктің айтуынша, теңіз ауасының емдей алмайтын сырқаты кемде-кем екен. Бұл жерде Антон Чехов, Айседора Дункан, Густав Малер және Владимир Набоков сынды танымал тұлғалар ем қабылдаған.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 08 қазан 2013, 09:55
Пікірлер
+0
08 қазан 2013, 16:10

тух, демалғым келетін желаниемді оятып жібердіңдер ғой...

+0
08 қазан 2013, 18:04

марбельяны мақтайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.