Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Тынық мұхитындағы романтика

Тынық мұхитындағы романтика

Тынық мұхитындағы романтика

Романтикаға барлық жерде орын бар. Ол мұхит құшағында да өмір сүреді. Сенбесеңіз, Тынық мұхитындағы ең романтикалық жерлермен таныс болыңыз.

1. Тахаа, Француздық Полинезия


Дәл осы жерде сіздің достарыңыздың ешбірі де болмаған шығар. Сіз алғашқысы боласыз. Көрші жатқан Бора-Бора да, Таити да Тахааның сұлулығымен бақталаса алмайды. Бұл аймақтың басты ерекшелігі әлемге кең танылмағандығында жатыр. Жалғыз қалғыңыз келсе, таптырмайтын орын дер едік.

2. Коромандел, Солтүстік арал, Жаңа Зеландия


Жетпісінші жылдары Коромандел жартылай аралы сәнқойлықты құп көретін. Ал қазір экотуризмнің "меккесіне" айналып отыр. Табиғат сүйер жандарды қашанда асыға күтеді.

3. Тоген аралдары, Индонезия


Жанартаудың атқылауынан пайда болған 56 аралдан тұратын архипелаг сізді қалайша бей-жай қалдыра алады? Барлық тамаша көрініс ұлттық саябақтың ауданына шоғырландырылған. Ал ондағы балықтар мен жануарлардың, өсімдіктердің алуан түрлілігі адамды өзіне еріксіз баурайды. Тоген аралдарынан бөртегүлдердің (сирень) заманауи түрлерін кезіктіре аласыз.

4. Кондао аралдары, Вьетнам


Дайвингті сүйсеңіз, артық ойланудың еш қажеті жоқ. Бұл жердегі дайвинг Вьетнамда ғана емес, планетадағы ең үздік саналады. Жаңадан дайвингпен айналысып жүргендерге тәуекел етуге кеңес бермес едік. Тәжірибе жинақтап қана қоймай, вьетнамдық қайықтарға мініп алып, судың айналасын бүге-шүгесіне дейін тексеріп алмасаңыз болмайды.

Ұлы Мұхит Жолы, Виктория, Аустралия


Аустралияның ең романтикалық, ең сұлу жағалаулары осы Ұлы Мұхит Жолының етегінде орналасқан. Бұл жағалауда жүріп алаңсыз демаласыз, армандайсыз, болашаққа жоспар құрасыз. Бастысы – жаныңызда қол ұстасып жүретін сүйіктіңіздің болғаны...

Сурет: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7396 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 29 қыркүйек 2013, 16:18
Пікірлер
+0
29 қыркүйек 2013, 15:49

Бәрі де тамаша.Ұнады.

+0
29 қыркүйек 2013, 21:33

Тоген аралдары, Индонезия. Әддемi!

+0
29 қыркүйек 2013, 23:56

Судың өзі бір романтика ғой...

+0
30 қыркүйек 2013, 08:45

Жұбайларыңызбен барыңыздар)

+0
30 қыркүйек 2013, 11:14

cіздер бастаңыздар)

+0
04 қазан 2013, 11:11

Айгерім Сматуллаева, әлемді аралап, тамашалап қайтуға қандай бағдарламалар бар Алматыда? немесе Астанада?, естуімше, арзан, қолжетімді тур фирмалар бар дейді?! мысалы, VK да сондайлар бар екен, бірақ ол Мәскеуде, 2-3 аптаға жіберіп жатадығой, қаласа сол барған елден жұмыс тауып береді екен, шіркін... Солтүстік полюстен бастап Оңтүстік полюске дейінгі барлық жерді аралап шықсаңғо., білсең жазып жіберші., әйтпесе өстіп жүрсең жүре бересің))

+0
30 қыркүйек 2013, 21:27

барғым келіп кетті ғой :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...