Қап ішіндегі қарт екі шақырымды жүзіп өтті

Қап ішіндегі қарт екі шақырымды жүзіп өтті

Қап ішінде аяқ-қолы маталған елу тоғыз жастағы қарт болгар Охрид көлін жүзіп өтті...

Елу тоғыз жастағы Жан Петков есімді болгар рекордтың жаңа бір қызық түрі үшін ерлік жасағысы келген. Яғни өзен-көлді қап ішінде қол-аяғы байлаулы күйі жүзіп өтпекке бекінген.

Өз елінде "адам-амфибия" атанып кеткен азамат тамаша жүзіп қана қоймай, сонымен бірге табандылық танытуда да аты аталып келген. "Ерлік іске" көпшіліктің ерте күннен сенім білдіргені анық. 

Рекорд орнатар күн 10 қыркүйек күні Охрид көлінің (Македония) маңында орын алды. Жан Петков қайық көлдің орта тұсына таяп барғанда, қап ішінде қол-аяғы байлаулы қалпы суға қойып кеткен. Сөз реті келген тұста суға жүзер алдында болгар азаматын дәрігерлердің тыңғылықты қарағанын және өз жасына орай әлжуаздығын, судың салқын екенін атап өткенін айта кеткіміз келеді. 

10 қыркүйек күні "адам-амфибия" Жан Петков Охридтің салқын суына қойып кетіп, құдды дельфин секілді арқасымен жүзіп кете барды. Екі шақырымдай аралықты жүзіп өтуге екі сағат, қырық бес минуты кетті. 

Жанның айтуынша, алғашында су қатты салқын болып көрініпті, бірақ, бір шақырымды еңсергенде барып, денесі қызып, өзін жақсы сезіне бастаған. Өз сөзіне салсақ, су жылы болғанда он шақырымды да еш қиындықсыз жүзіп өтпек еді...

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: novini.rozali.com 

Л. Лига