Саяхатшының мәдениеті - ұқыптылығында

Саяхатшының мәдениеті - ұқыптылығында

Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші: жат елге қыдырып барсаңыз, мына ережелерді есіңізде сақтаңыз:

1. Ине-жіпті қолданып үйреніңіз. Саяхаттау кезінде көп киімді алып жүре алмайтындықтан, түймеңізді қадап, абайсызда жыртылған киімді тігуге дайын болыңыз.

2. Дымқыл сулықтарды (влажные салфетки) бірге ала жүріңіз. Душқа түсуге мүмкіндігіңіз болмаған кезде, сергіп қалуға көмектеседі. Кей кездері мұндай жағдайлар болып тұрады.

3. «Жоқ, рақмет» сөзін айтып үйреніңіз. Ақпар-кітапшалар ең алдымен «Сәлеметсіз бе», «Рақмет», «Сіз ағылшын тілін білесіз бе?» секілді сөздерді үйретеді. Кейбір мемлекеттерде «Жоқ, рақмет, мені мазаламаңыз» деп айтқыңыз келетін сәттер жиі кездеседі. Мысалы, Азияның көше базарларында. Жергілікті тұрғындардың тілінде ұсынғандарынан бас тарта білу сізге ашық кеңістікті қамтамасыз етеді.

4. Дәмді тағамдар сатылатын дүңгіршіктер – сауда жасауға жақсы орын. Арзан әрі жергілікті деликатес. Орналасқан қонақ үйіңізге жақын маңайдан осындай сауда орнын тауып алсаңыз, ақшаңызды үнемдейсіз.

5. Міндетті түрде артық ақша сақтап қойыңыз. Ең тиімді жасырын орын – далабыңыздың флаконы.

6. Үнемі кір киіміңіз бен шұлықтарыңызды салуға арналған пакеттер алып жүріңіз. Кір киімнің иісі басқа киімдерге де жұғуы мүмкін.

7. Өзіңізбен бірге аз зат алып жүруге үйреніңіз. Бір апталық демалыс үшін 20 келілік киімді арқалаудың қажеті жоқ. Сөмкеңіз жеңіл болған сайын, саяхатыңыз да оңай болады. Сол күні әуежайға жету үшін отырған таксиіңіз де ризашылығын білдіреді.

8. Таксидің бағасы қанша екенін біліп алыңыз. Картаңыз бен қонақ үйіңіздің мекенжайын қалтаңызға салып жүріңіз. Жүргізушілердің есептегішті қосып қоюын талап етіңіз. Ресми таксиге отырып жатқандығыңызға көз жеткізіңіз.

9. Кредиттік картаңыздың дұрыс жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізіңіз. Саяхат кезінде бірнеше сағаттар бойы банк қызметкерлерімен мәселені талқылайтын сәттер жиі кездеседі.

10. Жайсыз жерлерде ұйықтауға да дайын болыңыз. Ұйықтағанда көзге киетін байлауыштарды ала жүріңіз.

11. Дұрыс суретке түсіріп үйреніңіз. Үйге Instagram желісіне арналған бір бума автопортреттерді алып келудің қажеті жоқ. Көп ұзамай естеліктеріңізді жаңғыртқыңыз келген кезде, барған жерлеріңізді сурет арқылы еске түсіре аласыз.

12. Алғашқы жәрдем көрсетуді үйреніңіз. Өзгеге көмектесу – жақсы әдет.

13. Құжаттарыңыз бен билеттеріңізді бөлек файлдарда сақтаңыз. Құжаттарыңызды ұйымдасқан түрде сақтасаңыз, әуежайда тіркелу кезінде уақытыңызды үнемдейсіз.

14. Қоғамдық көлікті пайдаланыңыз. Бұл жылдам, арзан, оңай әрі қосымша тәжірибе жинауға көмектеседі.  

15. Аяғыңызға бірнеше аяқ киім сатып алып киіңіз. (Биік өкшемен қыдыру ыңғайсыз).

16. Жергілікті тұрғындар түскі ас ішетін жерден тамақтаныңыз. Онда арзан әрі туристік мейрамханалардан дәмдірек болуы мүмкін.

17. Отаныңыздың елшілігі қай жерде орналасқанын біліп алыңыз. Картадан тауып, баратын жолды да жаттап алыңыз. Ол керек болмайды деп ойламаңыз. Оның нақты мекенжайын жазып, қалтаңызға салып жүріңіз.

18. Жергілікті заңдарды да біле жүріңіз. Мысалы, Дубай көшелерінде ішімдік ішіп, Сингапурде сағыз шайнауға тыйым салынған. Өз еліңіздің ата заңы сізбен бірге саяхаттайды деп ойламаңыз.

19. Қажет екпелерді (привывка) алдын ала салдырып алыңыз.

20. Төлқұжатыңыз бен өзге құжаттарыңызды сканерлеп, көшірмелерін жақындарыңызға беріп қойыңыз. Құжаттарыңызды бейтаныс елде жоғалтып алсаңыз, бұл үлкен көмек болады.

21. Жергілікті халықтың тілінде бірнеше сөздерді жаттап алыңыз. Олармен сөйлесіңіз. Тек көрікті жерлерді тамашалап қана қоймай, мәдениетімен де танысыңыз.

22. Ол жерде туристерден қандай айла-қулықтарын асыратындығын біліңіз. Мысалы, тайлық жүргізуші сізге жақын маңайдағы мейрамханаларды көрсеткісі келсе, оның жақын танысының мейрамханасы болғаны. Мұндайларды интернет желісінен біліп, жоғарыдағы 3-пунктті қайта оқыңыз.

23. Саудаласып үйреніңіз. Бұл ақша үнемдеуге көп көмегін тигізеді. Табандылық танытыңыз.

24. Қыдырып барған жеріңіздің географиясын жақсы біліңіз. Барған жерінің қай жер екендігін білмейтін саяхатшыдан жаманы жоқ.

25. Өзіңізді сақтандырыңыз. Бұл - басты пунктілердің бірі.

26. Өзіңізбен бірге ауыстыратын киім мен гигиеналық заттарды қол сөмкеңізге салып жүріңіз. Жүгіңізді абайсызда жоғалтып алсаңыз, олар өте қажет болады.

27. Ұшаққа жемпір мен бірнеше жылы шұлықтарды ала кіріңіз. Салқындатқыштардың кесірінен ол жерде суық болады.

28. Белсендірілген көмір мен нурофен жаныңызда болсын. Себебі, басқа елдің тағамдары асқазаныңызды ауыртуы мүмкін.

29. Ішуге арналған судың тазалығына да мән беріңіз. Бұл тіс тазалау мен сусындардағы мұзға да қатысты.

30. Жергілікті дәстүрлерді құрметтеңіз. Мысалы, олардың қалай киінетіне мән беріп, ашық киім киіп таң қалдырмаңыз. Әсіресе қыз бала болсаңыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rewalls.com

Қ. Бүйенбай