Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Құмның келіншегі

Құмның келіншегі

Йезд - заманауи Иран аймағындағы бес мың жылдық тарихы бар саз балшықты қала. Шираздың солтүстік-шығысынан 400 шақырым жерде теңіз деңгейінен 12150 метр биіктікте жатқан қала планетамыздағы ең ежелгі аймақтардың бірі. ЮНЕСКО Йездті құрылыс салу жұмыстарының жасы жөнінен әлемдегі екінші қала ретінде мойындап отыр. Қаланы кейде Язд деп те атап жатады.

Йезд қаласында 505 мыңнан астам халық тұрады. Оазис бетіндегі саз балшықты үйшіктерді көру үшін келетін туристердің санында шек жоқ.

Қала туралы ең алғашқы деректер б.з.д. 3000 жылдары пайда болған. Алғашқы жазбаларда Мидиядағы Исатис ретінде аталады. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде бұл аймақтан Ахеменид әулетіне тән заттар табылды.

Йездтің тарихи астаналардан алыс аймақта орналасуы тарихта болған қатыгез шабуылдардан сақтап қалды десе де болады. Қалада көптеген сәулет ескерткіштері мен мәдени, діни мұралар күні бүгінге дейін бұзылмай келеді.

Шыңғыс ханның жорықтары кезінде осы қалада көптеген суретшілер, ғалымдар мен ақындар жасырынған екен.

Йезд қаласында кезінде атақты саяхатшы Марко Поло да болған. Ол өзінің жазбаларында 1272 жылдары Йезд жібек өндіруден үлкен жетістіктерге жетіп, гүлденген қалаға айналды деп жазады.

Йездтің ерекшелігі осыдан бірнеше ғасырлар бұрынғы қалпын сақтап қалуында жатыр. Қаланың басты құндылығы – қаланың өзі мен қайталанбас сәулеті. Жергілікті үйлер ғасырлар бойы "бад-гирс" желді мұнаралары қалпында соғылған. Мұнда көненің көзі саналатын Доваздех-Имам кесенесі, Шамсия медресесі, Әмір-Чакмак кешені, су мұражайы сынды тарихи ескерткіштер бар.

Сондай-ақ, дәстүрлі шығыс базарларын ұшырастыра аласыз. Йездте бар-жоғы 12 базар бар. Оның ең танымалдары Хан Базары, Зергерлік бұйымдар базары, Пандже-Әли Базары болып табылады. Жібек, кашемир, баршын, тафта сатып алу үшін ең ыңғайлы жер осы Йезд қаласы саналады. Қала тоқыма бұйымдарын сату жөнінен бірнеше ғасырдан бері алдыңғы орында келеді.

 

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3291 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 20 тамыз 2013, 08:35
Пікірлер
+0
20 тамыз 2013, 10:12

Қайталанбас сәулеті бар екен расымен де

+0
20 тамыз 2013, 12:15

үйлерге қарасаң адамдар тұрмайтын сияқты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...