Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG
WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG

Автор: Жолдас Өрісбай

Статус: Фрилансер тілші

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Тоқта! Демалуға қауіпті жағажайлар!

Тоқта! Демалуға қауіпті жағажайлар!

Тоқта! Демалуға қауіпті жағажайлар!

Біз демалыс алып, жағажайларға қарай тартқанда бәрін ұмытамыз: жұмысты да, басқа проблемалдарды да. Өйткені мұндай сәттердің көп бола бермейтінін түйсінеміз де, бәріне қол сілтей саламыз. Әйткенмен, демалыс демалысымен ғой... Демалыста денсаулыққа қауіп келмейтін тұсты да естен шығармау керек. Сіз демалып жатқан жердің бәрі де қауіпсіз бола бермеуі мүмкін.

Бүгін біз сіздерге демалыстағы көңіл күйді сәл төмендетіп жіберетін әлемнің ең қауіпті жағажайлары туралы айтпақпыз.

Квинсленд жағажайы мен Тиви аралы (Queensland and Tiwi islands)


Қайда: Тиморское мен Арафурское теңізінің жағасындағы су
Қашан: Қазан айынан сәуір айына дейін
Қауіп неден: «Теңіз арасы» (chironex fleckeri) аталатын кубомедузадан

Бұл медузаны теңіз суынан байқау оңайға түспейді. Әйткенмен медузаның уы адамдар үшін, әсіресе жас балалар үшін өте қауіпті. Соңғы жиырма жыл ішінде 12 бала осы улы медуза шаққаннан көз жұмған. Медуза үлкендерді өлімге дейін апармаса да, жүрек жұмысының әлсіреуіне және сіңірдің құрысып қалуына дейін жеткізеді. Көбіне медузалар түстен кейін шабуылға шығады.

Ханакапия (Hanakapiai)


Қайда: Гавайи, АҚШ
Қашан: қыста
Қауіп неден: күшті толқын мен қатты ағыстан

Жазда бұл жағажай шомылу мен серфинг үшін таптырмайтын орын. Бірақ қыс мезгілінде күшті тоқын мен қатты ағыс ондағы серфингпен айналысып жүрген адамды ағызып әкетуі не суға батыруы әбден мүмкін. Оған ең жақын қауіпсіз жағажай алты миля жерде орналасқан. Айтылған ескертпелер мен қойылған белгішерге қарамай және тақтайшада осы жағажайда 83 адамның көз жұмғандығы туралы мәліметке қарамай, қыс мезігілінде өзінің бағын сынамақ боп мына қауіпті орынға талай адам келеді.

Отпора шығанағы (Repulse Bay)


Қайда: Гонконг
Қашан: әрқашан
Қауіп неден: ластанудан

Құрылыс жұмыстары мен содан шығатын қалдық заттар Отпора шығанағының ластануына әкеп соқтырды. Химиялық ластануы алдымен теңіздегі тіршілікке зиянын тигізеді. Ондағы балықтар мен басқа да жәндіктердің өлуі суды ластайды. Ол адамдарға да әсерін тигізбей қоймады. Әйткенмен бұлардың бәріне қарамастан, шығанақтағы жағажай Гонконгтың ең қымбат жағажайы болып есептеледі.

Фиш Хук немесе Фиш Хоек (Fish Hook, Vishoek)


Қайда: ОАР, Кейптаунға жақын маң
Қашан: таң атарда, кеш батарда және түн мезгілінде
Қауіп неден: ақ акулалардан

Оңтүстік Африкадағы Атлантика жағалаулары – әлемдегі ең үлкен ақ акулалар мекендейтін бірден-бір су алыбы. Бұл жақын маңда теңіз арыстандары мен жолбарыстарының барлығымен тікелей байланысты. Осы уақатқа дейін талай рет азулы ақ акулалар жағажайда шомылып жатқан адамдарға, дайверлер мен серфингшілерге шабуыл жасады. Акулалардың шабуылынан тек қырық жеті пайыз ғана сәттілік туындауы мүмкін. Ал он пайызы өлімге әкеп соғады. Алып акулалар ғасырдың басынан бастап санағанда адамдарға 1260 рет шабуыл жасаған. Осының кесірінен 117 адам тіл қатпастан көз жұмған.

Копакабана (Copacabana)


Қайда: Рио-де-Жанейро, Бразилия
Қашан: әрқашан
Қауіп неден: адамдардан

Копакабана жағажайында үнемі ебедейсіз криминалды жағдайлар орын алып тұрады. Бір жыл ішінде жағажайда жүзге жуық қылмыс тіркеліп, олардың отызына жуығы адам өлімімен аяқталады. Ал ұрлық пен басқа да кішігірім заң бұзушылықтарды санауға да келмейді. Бразилия билігі қолдарынан келгенше жағажайда орнайтын қылмыстарға тұсау салғысы келеді. Бірақ, мойындау керек, билік бүгінгі таңда қылмыскерлермен күресте осалдылық танытып отыр. Бір Бразилияның өзінде онсыз да әлеуметтік және экономикалық бас қатыратын мәселелер жетіп артылады. Сондықтан олар әлі қылмыскерлерді құрықтап, жағажайда тыныштық орнатуға дәрменсіз. 

Бразилия жағажайы (Praias do Brasil)


Қайда: Сан-Паулу қаласындағы жағажайлар
Қашан: қазан-желтоқсан
Қауіп неден: пиранья балықтарынан

Өзен бойына салынған бөгеттің құрылысы ондағы экологиялық ахуалды төмендетіп жіберді. Сондықтан пиранья балықтары да өзеннен мұхитқа қарай көп асатын болды. Онсыз да лас Бразилияның өзендері туралы айтудың да қажеті жоқ. Енді қала жағажайларының ластығы туралы айта берсек те болады. Санта-Круз жағалауларында және Итапуи мен Иаканга қалаларының иелігіне кіретін жағажайларда «өзен қорқауларының» шабуылы қауіпті саналады.  Енді балықтар адамдар көп шомылатын Сан-Паулу жағжайларына көп «қонақ» боп келетін болған. Әзірше балық ешқандай да адамның көз жұмуына себепші бола қойған жоқ. Әйткенмен балықтың уы денесіне тараған бірнеше демалушылар дәрігерлерге көрінуде. Пиранья балықтары отыз сантиметрге дейін жететін болғандықтан, олар көбіне адамның саусақтары мен етті жерлерін шағуға құмар. 

Зиполите жағажайы (Playa Zipolite)


Қайда: Пуэрто-Анхель, Мексика
Қашан: әрқашан
Өауіп неден: суасты ағыстан

Жағажайдың бағасы өте төмен болғандықтан мұнда әлеуметтік жағдайы әртүрлі адамдар келіп демала береді. Мұндағы үйлердің бағасы 6 доллардан басталады. Бірақ «бірағы» бар: Жағажайдың ағысы өте қатты. Көбіне шомылуға рұқсат етілмеген белгіден асып кеткен адамдарды ағыс арыға ағызып алып кетеді. Тіпті, көбіне емес, үнемі деп сенімді айта беруге де болады.

Жаңа Смирна (New Smyrna)


Қайда: Флорида, АҚШ
Қашан: әрқашан
Қауіп неден: апаттан, акулалардан, толқын соққысынан

Бұл жағажайға келген демалушылардың көбін жақсылық күтіп тұрған жоқ. Демалушылардың жүзуге арналған құралдарының бір-біріне соқтығысуы салдарынан өте көп шығын келеді. 2010 жылғы көрсеткіш бойынша осыдай апаттың кесірінен 68 адам көз жұмған. Ал соңғы жарты ғасырда толқын соққысынан 450 адам мерт болған. Одан қала берсе, мұнда акулалардан да орасан қауіп бар. Осындай статистикадан хабардар болса да, әлі күнге дейін Жаңа Смирна жағажайларынан адам үзілген емес. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: rtseablog.blogspot.com

7816 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 31 шілде 2013, 13:11
Пікірлер
+0
31 шілде 2013, 18:07

гонконгтағы шығанақ неге қымбат екен,жаман әліне қарамай? :lol: ана балық пен акула страшноо ендіі :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...