Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Шылым шегуге рұқсат беретін 10 ел

Шылым шегуге рұқсат беретін 10 ел

Шылым шегуге рұқсат беретін 10 ел

Көптеген елдер шылым шегуге қарсылық білдіріп, ұдайы күресуде. Таяуда шылымға шектеу қойған елдердің бірқатарына көз жүгірткен болатынбыз. Бұл елдер қоғамдық орындар мен көшелерде темекі тартуға бермейді. Жергілікті заңға бағынғысы келмейтін жаны темекіге құмар жандар өз демалыстарын шылымға шектеу қоймайтын елдерде өткізе алады.

Андорра

Андорра халқы ұзақ өмір сүреді. Бұл өте қызықты жәйт, себебі, жергілікті халық шылымды шамадан тыс шегеді. Темекі тарту барлық дәмханалар мен мейрамханаларда рұқсат етілген. Бұл елдің аумағы баж салмайтын аймақтардың қатарында. Сондықтан да, темекі бұйымдары өте арзан.

Болгария

Болгарияда халық көп шоғырланған қоғамдық орындарда темекі тартуға болмайды. Алайда, мұндай шектеулерден темекі құмарлардың саны азаймаған. Туристерді тарту мақсатында мейрамханалар мен дәмханаларда шылым шегуге рұқсат берілген. Ірі мекемелерде темекі тартуға болатын арнайы бөлмелер қарастырылған.

Венгрия

Венгрияда тек балалар алаңы мен жер асты өткелдерінде темекі тартуға болмайды. Бірақ та, жергілікті халық билік басшыларының автобус бекеттерінде шылым шегуге шектеу қою туралы заң қабылдауын өтінуде. Себебі, автобус бекеттерінде темекі көп тартылады екен.

Греция

Грек халқының, шамамен 50%-ы темекі тартпайды. Елде қоғамдық орындарда темекі тартуға болмайды деген заң бар. Бұл заң күшіне енгенімен, талапты орындаушылардың саны аз. Афина, Месини, Вергина сияқты қалалардың түнгі клубтары мен мейрамханаларында темекі түтінінен тұншығып қалуға болады.

Мысыр

Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындарда темекі тартуға болмайды. Ереже бұзылған жағдайда, аз мөлшердегі айыппұл салынады. Бірақ та, кальян тартуға шектеу қойылмаған.

Испания

2006 жылы темекі тартуға шектеу қою туралы заң қабылданды. Алайда, бұл заң ескерусіз қалды. Темекі құмарлар бұл заңға ат үсті қарайды. Сондықтан да, мейрамханалар мен дәмханаларда шылым шегуге рұқсат беріледі.

Сербия

Бұл елде үздіксіз тәулік бойы темекі тартуға болады. Шылым шегіп жүрген жандарды кез келген қоғамдық орындар мен қала көшелерінен көруге болады. Бұл елдің жасөспірімдері де темекі тартады.

Ресей

Халық көп шоғырланған қоғамдық орындарда темекі тартуға рұқсат берілмейді. Алайда, әуежай мен мейрамханаларда темекі тартуға арналған бөлмелер қарастырылмаған.

Чехия

Шылым шегуге тыйым салу жергілікті туризмнің дамуына теріс ықпал еткен соң, Чех елінің басшылығы бұл шектеуді алып тастады. Сондықтан да, қала көшелері мен қоғамдық орындарда темекі тартуға рұқсат етіледі. Тек Прага, Кутно Гора сияқты қалалардағы дәмханалар мен мейрамханалар иелері шылым шегуге рұқсат беру мен бермеуді өздері шешеді.

Жапония

Бұл елде кез келген жерде, тәулік бойы еш шектеусіз темекі тартуға болады. Оның үстіне темекі бұл елде өте арзан.

Суреттер: medpravda.com, gazeta.bg

4268 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 30 наурыз 2012, 11:30
Пікірлер
+0
30 наурыз 2012, 11:42

Ойбай ана қыыздын аузына бір пәшкісін сапты ғо

+0
02 наурыз 2013, 23:05

:lol:

+0
30 наурыз 2012, 11:44

Біздің елде де қоғамдық орындарда темекі тартуға рұқсат бермесе де, заңға бағынатындардың саны аз.

+0
30 наурыз 2012, 11:44

Біздің жігіттер шылым шекпейді, тек темекі тартады :lol:

+0
30 наурыз 2012, 12:49

Мен техникалық университетте оқимын. Ол да қоғамдық орын емес пе? Универ территориясында деканымен қоса жігіттер шегіп тұрады. Осы 4 жылда ауру болған шығармын(((

+0
30 наурыз 2012, 14:36

Темекі шегу үшін далаға баратындар дәретханада шегіп кететінін қайтесің. Бұрынғы жұмысымда сондай жиі қайталанатын еді. :(

+0
31 наурыз 2012, 00:15

біз қайдамыз?

+0
31 наурыз 2012, 16:09

Бақытымызға орай, біз бұл ондыққа кірмеппіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...