Әлемнің ең әдемі орындықтары

Әлемнің ең әдемі орындықтары

Жаздыгүні шамамыз келгенше демалатын орындардан табылғымыз келеді. Мысалы, саябақтарда, гүл бақтарда немесе басқа да көлеңкелі орындарда тыныстап отырғанға не жетсін, шіркін. Бүгін біз сіздерге әлемнің әр түкпірінде орнатылған әдемі көше орындықтарының суреттерін ұсынғалы отрмыз. Оның үстінде ыңғайлы отырасың және өзіңді жақсы сезінесің. Өйткені бірі де идеядан жұрдай емес.

Міне, мына көше орындығының авторы – әрі мүсінші, әрі дизайнер Пабло Рейносо. Оның жасаған орындығы Глостершир ағылшын графтығындағы Садели сарайында тұр. Орнатылғанына бірнеше жыл толған бұл орындықтың жұртшылық қызығын көп көрді. Арт-нысан бар болғаны үш қана болат тілімнен жасалған. Ал аты өте салмақты: ерекше көше орындығы «Huge Sudeley Bench» (Саделидегі үлкен орындық) деп аталады.

«Спагетти» деген атты еншілеген мына орындықтың авторы да – әрі мүсінші, әрі дизайнер Пабло Рейносо. Орындық экологиялық таза ағаштан жасалған. Шырмалып жатқан мына лағмандар көптеген демалушыға жақсы көңіл сыйлары хақ.

Люсиль Суфле есімді француз дизайнері жатуға ыңғайлы көше орындығын жасаған. Онымен қоса, автор мұндай орындықты үй жиһазы етіп қолдануға да болатындығын айтады.

Boex британдық дизайнерлік дуэт түпнұсқалық үлгіде алғыс хат «жазып», онысын орындық етіп әкеліп, Бристольдағы (Ұлыбритания) емхананың шыға берісіне қойып қойған.

Америка Құрама Штаттарындағы, Фатих Балтаздың тұрғындары мынадай көше орындығының куәгері болып жүр. Бұл – «тек қана шылым шегушілерге ғана арналған орындық». Темекі шегуге шектеу қойылған тұста орнатылған орындық біраз адамның көңіліне жаққан жайы бар.

Австриядағы мынадай дизайнерлік «көңілді» жиһаз үйін түнгі клуб еткісі келетіндерге арналған. Туындының авторы – дизайнер Манфред Килнхофер.

Табиғаттағы жайлылық турасындағы тақырыпқа қайта көшейік. Мынадай көпқызметті арт-нысан "орындық-ағаш" деп аталады. Ағашты отырғыштармен қоршаған туындыны дәл ортаға қойып қойса, өте ыңғайлы болмақ. Жаңбыр жауып кетсе де зияны тие қоймас. Өйткені жауын жиһазға да, ағашқа да табиғи пайдалы элемент болмақ.

Бірқатар қалалық жиһаздар әзірге тек концепциялық және дизайнерлік идеялардың арқасында өмірге келіп жатыр. Мына көше орындығы да көштен қалар емес. Ол Лондон қаласында 500 жайпақ тәрелкемен жасалған.

Мынау – киім-кешектерге арналған Миландағы "қыстырғыш-орындық".

Мынадай ойын карталары Мексика астанасы Мехико қаласында болған қонақтардың бәріне таныс шығар?..

Жоғарыдағы мына биік көше орындығы да Мексиканың мақтанышына айналып үлгерді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: bigpicture.ru

А. Әбілхан