Жабайы табиғат демалысқа шақырса

Жабайы табиғат демалысқа шақырса

Окаванго көліндегі  "Mombo" лагері демалысқа шақырады.

Бұл лагерьге тең келетін орталық жоқ. Өзіңіз-ақ алып қараңызшы, жабайы табиғат ортасынан ойып тұрып орын алған демалыс орталығы және алдыңызда иіліп тұрған қызметшілер мен қызмет түрлері. Бәрі, барлығы да сізге арналған.

Аталған жобаны жүзеге асыруда ұйымдастырушылар жергілікті ландшафттың бар артықшылығын көрсетуге және пайдалануға тырысқан: сарқырамаға табан тіреген ашық бассейн, таза ауа астында тамақтану, жабайы ортаны тамашалауға берілген алаңқайлар.  

Қонақүй бөлмелерінің бағасы 1750 доллардан басталады. Дей тұра, күндізгі жүріп тұрғаныңыз бен ас, судың қаржысы соның ішіне кіретіндіктен, қатты қымбат деп айта алмаспыз. 

Лагерьге келушілердің көпшілігі таза ауа астында тыныққанды жөн көреді. Жаппай тігілген күркелер мен дөңесте тұрған шолу алаңқайлары бар жағдайды қарастырған. Ең бастысы, жабайы табиғатты қауіпсіз биіктен тамашалау болып отыр. 

сурет: travelandleisure.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига