Көзіңіз алдауы мүмкін...

Көзіңіз алдауы мүмкін...

Қарапайым қарындаш пен қағазды қолдана отырып салған суретке дем бітіру - талант ісі. 3D техникасын жетік меңгерген біртума суретші Алессандро Дидди туралы естігеніңіз бар ма? 

"Сурет салуда 3D эффектісіне қол жеткізгенім көпшілікті таңқалдарумен, түсініксіз, беймәлім жайт болып келе жатыр, - дейді Алессандро Дидди Daily Mail журналисіне, - Аталған таңғалыстар түсінікті, өйткені менің суреттерім фантастикалық тұрғыда жазылған. Егер сіз анаморфты дизайның қағидасын жандандыра түсер болсаңыз, онда ертелі-кеш соншалықты қиын еместігін сезінетін боласыз".

Көлеңке мен көмескі жарық пен сурет жиектерін мұқият салып шығу арқылы Алессандро Дидди көзді арбап, көрерменнің санасын "улайды". Өзінің де айтуы бойынша, адам көзі иесін алдауы әбден мүмкін. 

Бұл салада 3D техникасын қолданып жүрген бір өзі ғана емес, соған қарамастан Алессандро Дидди шедевлерінің жүрекке жақын екені анық аңғарылады: суреттері "өмір сүруде". 

Шебер суреттерге қосымша ретінде деректемелер (реквизит) қосар болса, мәселен, карандаш, шылым немесе қол сақинасы, онда саусақ сиқырымен салынған нобайлар (эскиз) үлкен реалистикалық дүниелерге (фигурка) айналып шыға келмек.

Қағаз бен қарандаш берсеңіз болғаны, бұл кісі адамдарды таңғалдырудан жалыққан емес. Жас суретші шығармашылық еркіндікті қажет етеді.

сурет:www.doodoo.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига