Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ағаш шал

Ағаш шал

Ким Битон (Kim Beaton) атты суретші ерікті түрде көмектесуге ниет білдірген 25 адаммен біріге отырып ешқандай да уландырғыш заттарсыз ағаштан биіктігі 3,5 метрді құрайтын мүсін жасаған. Мұндай ормандағы мүсінді дүниеге әкелу үшін оны Монтанада отыншы болған марқұм әкесі шабыттандырған.

2006 жылы Ким Битон мен оның еріктілерден жиналған 20 адамдық тобы бар болғаны 15 күннің ішінде ағаштан, папье-машеден (түрлі нәрселер жасау үшін қолданылатын гипспен араластырылған қағаз массасынан жасалған қатты әрі шымыр зат), металл тілімдерден және басқа да уландырғыш қоспасы жоқ заттардан мүсін жасап шығарған еді. Осы уақытқа дейін жасалынған барлық туындылары ешқандай да қатесіз дүниеге келген. Бұл мүсіннің де жүзі жылы, көзі көкшіл. Битонның басқа да ерекше туындылары бірден көздің жауын алады. Битонның қолынан шыққан мүсіндер уақыт өте жұртқа танылып келеді. Оның өзінің жанкүйерлері де жоқ емес.

Бұл жолы жасаған ағаш мүсіні жайлы суретші былай дейді: «Менің әкем сексен жасқа енді тола бергенде бақилыққа аттанды. 2 маусым күні түнгі 3-те мені осы мүсінді дүинеге әкелуіме себепші болған ерекше шабыт түртіп оятты. Көз алдыма әкем елестеді. Ол маған тып-тыныш орманда өсіп тұрған өте кәрі, құрғақ ағаш адам болып көрінді. Одан соң бірден менің ойымда ағаш мүсіннің сұлбасы салынып жатты. Орнымнан атып тұрып, қолыма балшық алдым. Сөйттім де миымды қыздырып бара жатқан дүниеден мүсін жасай бастадым. 40 минут ішінде жасау керек мүсіннің формасы дайын болып үлгерді. Таңертеңнен бастап достарыма қоңырау шалумен болдым. Алты күннен соң ойымдағы дүниені байқап көруге шақырдым. Осы алты күннің ішінде мен барлық керекті құралдар мен басқа да заттардың басын құрап, жақындарымды шақырумен болдым. 8 шілде күні осы істі бастап, он бес күннің ішінде бәрін толықтай дерлік бітіріп тастадық. Менде осы уақытқа дейін өз жұмысымды тезірек бітіріп, нәтижесін көруге деген құлшыныс мұндай қатты болған емес».

Ерекше танымалдылыққа ие бола бастаған бұл мүсін ағаш екі жыл бойы жақын маңдағы елді мекендерге таныстырылды. Ол түрлі жәрмеңкелер мен сауда алаңдарында және сатылым шерулерінде бой көрсетті. Жергілікті мекеннің жасы да, кәрісі де тамашалаған мүсін кез келгеннен оң баға алды. Одан кейін бұл ағаш мүсінді Fremont Solstice Parade шеруінде байқап қалған  Белладжио казиносының (Bellagio Casino) иесі бірден сатып алуға бел буған. Қазір ағаш шал екі жарым айдан бері Қайырымдылық күні ауданының үлкен залында тұр. Осы уақыт ішінде 250 мың адам бұл мүсінмен танысып үлгерген.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: billionnews.ru

5945 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 09 шілде 2013, 18:30
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...