Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдегі ең ерекше 25 көпір

Әлемдегі ең ерекше 25 көпір

Әлемдегі ең ерекше 25 көпір

Адам баласы жаратылысынан алдындағы кедергілерді аттап өтуді мақсат тұтқан. Ол - қанымызда бар дүние. Әрине, ХХІ ғасырда өзен-көлдерді аттап өту түкке тұрғысыз дүние болып қалды. Соған қарамастан назарларыңызға бай тарихы мен ерекше құрылысы бар 25 көпірді ұсынбақпын.

Хеликс көпірі (Helix Bridge), Сингапур


Сингапурдегі бұл көпірдің құрылымы ДНҚ молекулаларына қатты ұқсайды. Хеликс аталған бұл көпір 2010 жылы ашылған. Толықтай болаттан жасалған. Кешке әдемі көпір тамаша түстерге боялады.

Сағатты көпір (Chapel Bridge), Швейцария


Бұл таңғажайып көпір Люцерн қаласында 1333 жылы салынған болатын. Ол Рейс өзенін қиғашынан басып өтеді. Еуропада орналасып, ағашпен жабдықталған бұл көпірдің үлкен тарихы бар. Көпірдің іші ХVІ ғасырдың тарихын баяндайтын суреттермен безендірілген. Өкінішке орай, 20 жыл бұрын болған өрттің себебінен көптеген суреттер қалмаған. Шамамен көпірдің ⅔ бөлігі және 110 суреттің 85-і өртеніп кетті. Кейбіреуі 1611 жылға тиесілі еді. Тек 25 картинаны сақтап қалып, 1 жыл өткен соң көпірдің өзі де жөндеуден өткізілді.

Ченъян көпірі (Chengyang Bridge), Қытай


Бұл көпірді «Жел мен Жаңбыр» деп те атайды. Қытай провинциясындағы Гуанси мен Линси жағалауларын байланыстырған бұл көпір күріш алқабының ортасында орналасқан. Оны 1916 жылы Қытайдың Дун халқы салған болатын. Көпір 5 түрлі ауа райы бар галлереялармен жабдықталған. Қытайдың дәстүрлі сәулет өнері фантастикалық көрікті. Алайда ең қызығы ешбір шегесіз салынғандығында. Көпірдің тірегі көзді арбайтын айлакерлікпен салынған.

Роллинг көпірі (Rolling Bridge), Англия

Бұл әдемі көпір Лондонның Падингтон ауданында орын алған. Аптаның әр жұмасы сегізбұрышты бұл көпір төңкеріліп жазылады да, жүруге қолайлы кейіпке енеді. Бұл оның басқа көпірлерден басты айырмашылығы. Ал күн соңында қайтадан сегізбұрышқа айналады. Келесі жұмада көпір қайта пайда болады. Механизм гидравликада жұмыс істейді. Жобасы 2004 жылы жасалған, авторы – Томас Хезервик. Айтпақшы, Олимпиада мен Параолимпиадаға арналған алаудың ыдысы Томастың жасағандары.

Аспан көпірі Лангкави (Langkawi Sky Bridge), Малайзия


Аспан көпірі Лангкавиге тауға көтерілетін жол арқылы жетуге болады. Көпірдің ұзындығы 410 фут, шамамен 125 метр. Ол теңіз деңгейінен 2300 фут, яғни 700 метр биіктікте орналасқан Гангун Мат Чинчанг тауының шыңында орын алған. Көтергішпен көтерілген туристер осында жаяу жүріп, Малайзияның ең керемет жерлерін төбесінен тамашалай алады.

Гейтсхедтегі Миллениум көпірі (The Gateshead Millennium Bridge), Англия


Ньюкасланың қақ ортасында Тайн өзенінің үстінде орналасқан бұл көпір 2002 жылы патшайымның тапсырысымен салынған. Бұл көпір де ешкімге ұқсамайтын құрылымымен ерекшеленеді. Бір жағымен төңкеріліп тұрған кезінде қарапайым жаяу жүргіншілер өзеннің арғы бетіне өте алады. Ал келесі жағымен төңкеріліп тұрған кезінде, керісінше қайықтар мен кемелер өте алады. Қайталанбас дизайны үшін көпір көптеген марапаттарға ие болды. Оны кейде «Қысық көз» деп те атайды. Себебі бұрылып бара жатқан кезінде, адамның бір үлкен көзіне ұқсайды.

Ескі көпір (Stari Most), Босния және Герцеговина


Бұл көпірдің атауы тым қарапайым – Ескі көпір. Болжауымызша, көпір 1566 жылы салынып, 1993 жылы босниялық соғыстың зардаптарынан бұзылмайынша жақсы сақталған. ХVІ ғасырда салынған бұл көпірді қайта қалпына келтіру үшін 13 млн. АҚШ доллары кеткен екен. 2004 жылы толықтай жөндеуден өтіп, көпшілік үшін қайта ашылған. Сол жердің тұрғындарында көпірден өзенге секіру дәстүрі сақталған. Мұнымен қатар бұл көпір әлем қазынасы болып танылуда.

Акаши-Кайкё көпірі (Akashi-Kaikyō Bridge), Жапония


Бұл туынды жапон инженерлерінің сәтті жұмысы. Ол әлемдегі ең ұзын аспалы көпір ретінде 3911 метр ұзындығымен рекорд соқты. Бұл шамамен Бруклиннің 4 көпірінің қосындысы. 12 жыл бойы салынған Акаши көпірі 1998 жылы ашылды. Бір қызығы көпір рекордқа енгізілу мақсатымен салынбаған. 1995 жылы Кобада жер сілкінісі болып, көпірдің құрылымын бұзады. Осыған сәйкес ұзындығы 3 футқа, шамамен 1 метрге ұзарады. Көпірдің жалпы ұзындығы 3 км.

Риальто көпірі (Rialto Bridge), Италия


Бағалы тарихы бар тағы бір көпір. ХVІ ғасырда, нақтырақ айтқанда, 1181 салынған. Бірақ, ол кезде тек Гранд каналының арғы бетіне өту үшін ғана пайдаланылған. 1551 жылы басшылар көпірді үлкен етіп салуды жөн көреді. Адамзат тарихында мәртебеге ие Микеланджело, Палладио секілді архитекторлар өз жобаларын ұсынады, ақырында бұл мәртебе Антоние да Понтеге бұйырады. Көптеген архитекторлардың осы жобамен жасалған көпірдің шыдамды болатындығына күмәнмен қараған, алайда көпір осы күнге дейін аман-сау тұр. Жаңа көпірлер салынбайынша Риальто көпірі Венецияның екі шетін жалғастырған жалғыз көпір болатын.

Слауерхоффа көпірі (Slauerhoffbrug Bridge), Нидерланд


Жоқ, уайымдамаңыздар бұл көзбояушылық емес! Құрылысы қызық бұл көпір Леуварден қаласында орналасқан. Суда орналасқан Нидерланд халқы үшін өзен ағысы мен жүргіншілерді де тоқтатпайтын көпір аса қажет болды. Осылайша, болат пен темірден жасалған көпір 2000 жылы қолданысқа енгізілді. Гидравликаның арқасында күніне 10 рет көтеріліп түседі.

Октавио Фриас де Оливейра көпірі (Octavio Frias De Oliveira Bridge), Бразилия

Сан-Паулоның дәл ортасында орналасқан бұл көпір 2008 жылы салынған. Құрылысты жүргізу үшін 450 қара жұмысшы мен 5 жыл қажет болған. Оның ерекшелігі «Х» тәріздес құрылымында. Тағы бір ерекшелігі – бір-бірінің астына екі қабат етіліп орналасуында. Әр түрлі суреттер кейпіндегі жарық шамдарымен әшекейленген. Ал, Жаңа Жыл мерекесінде шырша тәріздес суретке ұқсайтындай етіп шамдармен көмкеріледі.

Фалькир дөңгелегі (The Falkirk Wheel), Шотландия

Бұл көпір тек өзінің футурустикалық дизайнымен ғана ерекшеленбейді. Бұл әлемдегі айналмалы жалғыз ұзын көпір. Туннельдің ұзындығы 168 метр болатын 2 шлюзден құрылған. Оның әрқайсысы 180 градусқа айнала алады. Қайықтар Туннельге кірісімен, құрылым айналып, жоғарыда орналасқан каналға қарай көтереді.

Хендерсон Толқындары (Henderson Waves Bridge), Сингапур


Атауынан-ақ көпірдің толқын бейнесіне ұқсас етіп жасалғанын байқаймыз. Ол Сингапурдың Маун-Фабер және Телок Бланга-Хилл саябақтарының арасын біріктіреді әрі Сингапур табиғатына таңғажайып көрініс сыйлайды. Кешке онсыз да көрікті таңғажайып көрінісіне нұр қосылып, шырақтар жағылады. Хендерсон толқындары болат пен ағаштан жасалған. Болат оның төзімділігі үшін қажет болса, ағаш ерекше дизайны үшін қажет. Көпір демалыс орындары мен барлармен жабдықталған.  

СиДу көпірі (Siduhe Bridge), Қытай


Көпір 2009 жылы ашылған. СиДу заңды түрде әлемде ең биікте орналасқан көпір. Әрі биіктен қорқатын адамдар үшін ең қорқыныштысы болар. Ол жерден 496 метр биіктікте орналасқан. Бұл Эйфель мұнарасы, Гиза пирамидасы, Биг Бен, Еркіндік Ескерткіші секілді ғимараттардан да биік. Ол Қытайдағы Хубэй провинциясында орналасқан өзен аңғарынан өтеді. Оның орналасқан жеріне сәйкес салу барысында көптеген қиындықтар болды. Көтерме крандар мен тікұшақтарды қолдану мүмкін емес болды. Ақырында инженерлер осылардың орнына зымырандарды пайдаланайық деген ойға келді. Зымыранға 1000 метрді қамтамасыз ететін кабельдерді байлап, көпірдің негізін қалаған болатын. Осыншама қиындықпен салынған бұл көпір көптеген жылдар бойы ең биікте орналасқан көпір болып қала беретіні анық.

Виадук Мийо көпірі (Millau Viaduct), Франция


Бұл көпір өзінің шедеврлі биіктігі үшін Гиннес рекордтар кітабына енгізілді. Биіктігі – 343 метр. Сәулет өнері саласында атақты дәрежелердің бірі Outstanding Structure Award–ты алған болатын. «Нью-Йорк Таймс» оны «инженерлік триумф» деп атаса, Би-Би-Си « ХХІ ғасырдың инженерлік кереметі» деген мәртебе берді. Франция президенті Жак Ширак көпірді 2004 жылы өзі ашты. Құрылысқа кеткен қаражат 394 млн. евро немесе 524 млн. доллар. Виадук Мийодағы Тан өзенін басып өтеді және жүргізушілерге таңғажайып көріністің иесі болуға мүмкіндік береді, кейде бұлттардан да биік көтерілуге мүмкіндік бар.

Даньян-Куньшань виадук көпірі (Danyang-Kunshan Grand Bridge), Қытай


Бұл әлемдегі ең ұзын көпір. 165 км-ге созылатын ұзындығының арқасында Гиннес рекордтар кітабына енгізілді. Даньян мен Куньшаньды жалғастырған бұл көпір Пекин-Шанхай магистралінің тең жартысы. Салу құрылысы 2006 жылы басталып, 2011 жылы аяқталды. Жобаға 8,5 млн. АҚШ доллары, 10 мың жұмысшы, 450 мың тонна құрыш жұмсалды.

Моисеев көпірі (Moses Bridge), Нидерланд


Үлкен көпірлерді қоя тұрып, кішілеріне де кезекті берейік. Бұл көпірдің Моисеев деп аталуы өзенді екіге бөлетіндігінен. Инновациялық дизайндегі көпір ХVІІ ғасырда салынған. Дұшпандарға байқатпау мақсатымен көпірді судың астына салған. Көпір судың ортасында орналасқандықтан, дұшпандарға еш байқаусыз арғы жағаға өтуге мүмкіндік береді. Толықтай ағаштан жасалғандықтан, аяғым су болады деп қорқудың қажеті жоқ.

Хаджу көпірі (Khaju Bridge), Иран


Хаджу көпірі персия сұлтаны, шах ІІ Аббастың бұйрығымен ХVІІ ғасырда салынған. Көпір 25 аркадан тұрады. Заянд өзеніндегі су деңгейін бақылап тұру үшін бөгет ретінде де пайдаланылады. Бұл жерден таңғажайып көріністі тамашалап отыруды жақсы көрген ІІ Аббас мырзаның тас орындығының қаңқасын көруге болады. Сұлтанның шайханасы ретінде салынғаны анық.

Бруклинск көпірі (Brooklyn bridge), АҚШ

Бұл көпірдің құрылысы 1883 жылы аяқталды. Содан бері халық ескерткіші әрі Нью-Йорк символы ретінде саналып келеді. Көпір Нью-Йорктың көп қабатты үйлерінің нақ қасында орналасқан. Манхеттен мен Бруклиннің арасын қосып тұр. Шындығында, көпірдің жобасын Джон Роблинг жасаған, құрылыс бастала салысымен қайтыс болып кеткендіктен, бұл істі баласы Вашингтон Роблинг жалғастырды. Вашингтон да сырқаттанып қалғандықтан, әйелі Эмили Роблинг құрылысты бас инженер ретінде өз қолына алады. 1884 жылы сол кездің серісі Ф. Барнум көпірдің төзімділігін дәлелдеу мақсатымен 21 піл мен цирк жануарларын жүргізіп өтеді.

Сиднейдегі Харбор-Бридж көпірі (Sydney Harbour Bridge), Австралия

"Ілгек" деген қосымша атауы бар бұл көпір 1932 жылы салынған. Фрэнсис Гринуэй Гаванидің солтүстігінен оңтүстігіне өтуге мүмкіндік беретін көпір салу керек деген жобасын ұсынады. Жобаның қабылдануына бірінші дүниежүзілік соғыс кедергі жасап, аяқталғаннан кейін ғана жоба қайта қабылданады. 1924 жылы архитектор табылып, Сиднейде орналасқан Харбор-Бридж салына бастайды. 8 жыл созылған құрылысқа 6,61 млн АҚШ доллары жұмсалған екен. 

ІІІ Александр көпірі (Pont Alexandre III), Франция


Париждің бұл көпіріне тән эпитет «кербездік» болар. Оның салынуы 1896 жылы басталып 1900 жылы аяқталды. Ол арт-нуво стилінде салынып, қанатты аттар, періштелер, кемелер, нимф ескерткіштерімен безендірілген. Көпірдің Парижде орналасуына қарамастан, Франция мен Ресейге ортақ альянстің атымен аталған. Александр ІІІ ұлы Николай ІІ көпірдің негізін қалайтын бірінші тасты өз қолымен қойған. Ескерткіштер алтыннан, қоладан және Франция стиліне сәйкес тастардан жасалған.

Банпо көпірі (Banpo Bridge), Оңтүстік Корея


Енді модернге көшейік. Хан өзеннің үстінде орналасқан бұл көпір Сеулде орын алған. Негізінде көпір 1982 жылы салынған, алайда 2007 жылы сол аймақты жаңарту жобасы құрылып, 2009 жылы жаңартылып салынған еді. Кәрістердің ойына көпірдің екі жағына субұрқақтарын жіберу идеясы келді. Субұрқақтар 1 минут ішінде 190 тонна суды төгеді. Кешке 10 мың түрлі-түсті шаммен кемпірқосақ секілді жарқырайды. Әртүрлі суреттерге өзгеріп, музыкаға сәйкес қозғалады. Көпір тек стильді емес, сонымен қатар экологиялық таза. Өзен арнасында үнемі циркуляция жүріп тұрады. 2008 жылы осы субұрқақтар ең биік деген атқа ие болып Гиннес рекордтар кітабына енген болатын.

«Алтын қақпа» көпірі (Golden Gate Bridge), АҚШ


Әлемдегі ең танымал жерлердің бірі. «Алтын қақпа» көпірі Сан-Францисконың ғана символы емес, АҚШ-тың да символы. Инженер Йозев Штраустың жобасымен жасалған бұл көпір Сан-Францисконы бүкіл мемлекетпен байланыстырып тұр. Құрылыс 1933 жылы басталып, 4 жылдың ішінде аяқталды. Аяқтау үшін мыңдаған жұмысшы мен 35 млн. доллар қажет болды. 1937 жылы ашыла салысымен 2 рекорд орнатты. Бірі – ең ұзын, екіншісі – ең биік деген рекордтар. Түрлі қарсыластарға қарамастан, көпір өзінің арт-деко стилі мен қызыл түсі үшін марапат алып, Тынық мұхитын көруге мүмкіндік беретін көпір ретінде мойындалды. Көп кешікпей бұл рекордты басқа көпірлер басып озды. Осыған қарамастан, танымалдылығы сол қалпында.  

Тауэрс көпірі (Tower Bridge), Англия


Ендігі кезекті назарларыңызды Англияға бұрайын. ХІХ ғасырда Темзаның үстімен өту үшін Лондон көпірін ғана пайдаланатын. Оңтүстік аймаққа да қажеттіліктер пайда болып, жаңа көпір салынуы керектігі анықталды. Оның дизайнін 50 жобаның ішінен таңдап алып, 1884 жылы салуды бастады. 8 жыл жұмыс барысында 432 қара жұмысшы, 11 мың тонна болат пайдаланылды. Уэльс ханзада көпірді 1894 жылы өзі ашты. Тауэрс тек Лондонның емес, біріккен патшалықтың да символы.

Понте Веккьо көпірі (Ponte Vecchio), Италия


Понте Веккьо – орта ғасырларда салынған көпір. Ол Флоренциядағы Арно өзенін басып өтеді. Тарихы Рим империясының уақытымен сәйкес. 1333 жылы топан судың арқасында бұзылып, 1345 жылы Таддео Гадди оны қайта салдырған болатын. 1565 жылы Джорджо Вазари оны жаңа идеяларымен жаңартуы керек болатын. Бұл көпірдің ерекшелігі тура үстінде үйлердің орналасуында, кейбіреуі тіпті шетіне жақын. Бастапқыда тері, ет сататын дүкендер ғана болатын. Олардан қоқыс пен жағымсыз иіс көп болатындықтан, 1593 жылдан бастап ол жерге зергерлер орналаса бастады. Понте–Веккью Флоренциядағы екінші дүниежүзілік кезінде аман қалған жалғыз көпір.

 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mixstuff.ruн

21259 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 04 шілде 2013, 17:21
Пікірлер
+0
05 шілде 2013, 00:01

ммяяя!

+0
05 шілде 2013, 09:53

Моисеев көпірі ұнады, шынымды айтсам су толып кетсе қайтеді деп ойлай берем )))

+0
05 шілде 2013, 10:07

Акаши-Кайкё көпірі (Akashi-Kaikyō Bridge), Жапония - 300 МЫН КМ ДЕГЕН ӨТІРІК БОЛЫП КЕТПЕЙ МА?

+0
05 шілде 2013, 11:23

Стамбулдағы көпір әлемдегі жалғыз көпір Азиямен Европаны жалғап тұрған.

+0
11 тамыз 2014, 20:03

Қатты қателесесің! Атырауда толып тұр Еуропа мен Азияны жалғап тұрған көпірлер!

+0
02 маусым 2016, 12:41

Керемет сөз жоқ, барлығы әдемі екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...