Маймыл мотоциклдың құлағында ойнауда

Маймыл мотоциклдың құлағында ойнауда

Саримин есімді макака мотоциклді кәсіби мамандардан бір елі кем теппейді. 

Тамаша таланты бар тіршілік иесінің өнері көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр. Үстінде спорттық костюмы бар, басына дуылғасын киген Саримин небір қиын айлалы тәсілдерді мотоцикл үстінде жасап дағдыланған. Үш адамнан құралған топ мүшелері өнер көрсетуге оңтайлы жерді тауып, керекті музыканы таңдап, макакаға бар қолайлықты қамтамасыз етеді.  

Айтпақшы, Саримин Индонезиядағы Бинтан аралында өмір сүреді.

сурет:www.flickr.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига