Өмір сүруге ең қолайлы және арзан қалалар

Өмір сүруге ең қолайлы және арзан қалалар

Көптеген адамдар болашақта өздері тұрғысы келетін елін, қаласын таңдауда, олардың мүмкіндіктерін алдын ала жан-жақты зерттейді. Оның ішіне жергілікті биліктен бастап, архитектуралық ерекшеліктеріне дейінгі мәселелердің барлығы кіреді.  

Ал ең бастысы ол қалалардағы баға мен ол жердің өмір сүруге қолайлылығы екені белгілі. Біз де өзімізше сол қалалардың біразын таңдап алып, олар жөнінде сіздерге қысқаша анықтама бермекпіз. Сонымен бастайық:

Киев, Украина

1

Киев Шығыс Еуропаның маңызды индустриалды, білім, ғылым және мәдениет ошағы болып табылады. Алайда оның экономикалық жағдайы тек қана өнеркәсіпке тәуелді емес. Соған қарамастан, Киев - орташа кірісі бар адамдардың тұратын қаласы боп есептеледі. Ал елдің басқа аймақтарыдағы жағдай керемет деп айтуға келмейді. Десек те ел астанасы орташа қымбат емес қалалардың қатарына жатады. Сондықтан да бұл қаланы үміткер ретінде алып отырмыз. 

Богота, Колумбия

2

Богота - Колумбиядағы адамдар ең көп қоныстанған қала саналады. 2010 жылы жасалған санақ бойынша онда 7 363 782 тұрғын бар екен. Қаладағы университеттер мен кітапханалардың көптігі есебінен Богота "Оңтүстік Америкалық Афины" деп те аталады. Одан бөлек, қала Латын Америкасының индустриалды орталықтырының бірінен саналады. Қала тоқсаныншы жылдардағы жаппай қылмыстық қоғамды жөндеп, қазір гүлдену, даму жолына түскен. Қазір мұнда көптеген халықаралық компаниялар қызмет етеді. Елдегі азық-түлік пен тұрмыстағы баға да қымбат емес. 

Сантьяго, Чили

3

Қаланың ресми атауы - Сантьяго де Чили, қала елдің астанасы ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіптік және қаржылық орталығы да болып табылады. Қала елдің орталық аймағында теңіз деңгейінен 520 метр биіктікте орналасқан. Іргесі 1541 жылы қаланып, сол колониялық заманнан бері Чили астанасы болып келе жатыр. Өзінің тұрақты экономикалық дамуының арқасында қала қазіргі кезде жаңа заманғы мегаполиске айналып үлгерді. Бүгінгі Сантьяго - театрлар мен мейрамханалар, сауда орталықтары мен төбесі көк тіреген зәулім ғимараттардың басын қосқан орталық болып саналады. Онда қазіргі Латын Америкасындағы ең биік «Гран-Торре-Сантьяго» ғимараты орналасқан. 

Йоханнесбург, Оңтүстік Африка Республикасы

4

Жергілікті тұрғындар Йоза атайтын қала әлемдегі ең ірі 50 мегаполистің ішіне кіреді. Қала - алмаз саудасы мен әлемдегі жетекші қаржы орталығы болып саналады. Ең қызығы, осындай көрсеткіштеріне қарамастан, Йоханнесбург басқа әлемнің дамыған қалаларына қарағанда өмір сүруге жұмсалатын қаражаты арзан қала болып саналады. Сондықтан шетелде тұрғысы келетіндер үшін Йоза нағыз таптырмас мекен.  

Мехико, Мексика

5

Мехико - Мексиканың федералды округы және астанасы. Бұл маңызды қаржы орталығы саналатын қала кезіндегі Испания колониалды аймағы болып есептелген заманнан қазіргі тәуелсіз Мексика мемлекетінің астанасы болғанға дейінгі кезеңде бірнеше даму сатысынан өтіп, қазір әлемдік кластағы орталыққа айналды. Алайда Мехико осы күнге дейін ең арзан қалалардың бірі болып қалды. Онда азық-түлік те, жылжымайтын мүлік те әлемдік нарықпен салыстырғанда едәуір арзан саналады. Егер сізге адам көп шоғырланған және испан тілі ұнайтын болса, Мехико сізді күтеді. 

Вильнюс, Литва

6

Вильнюс Литваның оңтүстік-шығысында орналасқан. Ол мемлекеттің астанасы және 535 091 тұрғыны бар еуропалық мәдени астаналардың бірі. Вильнюс ескі сәулетті қаласымен танымал. Сондай-ақ қала озық технологиялы өнімдерді шығаратын өнеркәсіп орталығы болып та табылады. Бұл жердегі баға да Еуропаның көптеген елдерімен салыстырғанда біршама арзан. 

Лима, Перу

7

Бұрын Сьюдад-де-лос-Рейес аталған Лима - Перу мемлекетінің ірі қаласы және астанасы. Лима ең көне жоғары оқу орындарының бірі, 1551 жылдың 12-мамырында іргетасы қаланған Сан-Маркос Ұлттық Университетінің отаны. Қала - қолжетімді жұмыс күші мен арзан инфрақұрылымының арқасында елдегі экономикалық даму саласында көшбасшы саналып отыр. 

Найроби, Кения

8

Күн астындағы жасыл қала Найроби - Кения астанасы. Онда 3 миллионнан сәл асатын халық тұрады. Қаланың халыққа қолжетімді ауданы болып "Жоғары Белес" саналады. Ондағы жер телімдері мен халыққа қызмет көрсету түрлерінің арзандығы шетелдік инвесторлар мен иммигранттарды да көптеп қызықтырып отыр. 

Каир, Мысыр

100

Тұрғылықты халық оны Маср деп атайды. Каир - араб елдері мен Африканың ең ірі қаласы болып есептеледі. Қалада ислам сәулетімен салынған бірнеше ғимараттар бой түзеген. Ал қала ауданының үлкендігі бойыншы әлемде 16-орында тұр. Бұл жердегі бағаның төмендігі туристер мен көшіп келушілерді қатты қызықтырып отыр.  

София, Болгария

12

Витоша тауының етегінде орналасқан София Болгарияның экономикалық орталығы саналады. 1879 жылы елдің астанасы статусын алған ол қазір Еуропалық Одақтағы бесінші ірі қала. 2009 жылы әлемдік қаржы күйзелісіне орай Софиядағы тұрғын үйлерге деген баға 30 пайызға төмендеп кетті. Соның арқасында оларды шетел азаматтарының сатып алуы жиелеген.

Кито, Эквадор

13

Бұл Сан-Франциско де Кито аталған танымал тарихи қалалардың бірі. Өмір сүру де арзан. Әр доллардың құны басқа елдермен салыстырғанда өте жоғары болып есептеледі. 

Тунис, Тунис

14

Бұл қала аттас Тунис Республикасының астанасы ғана емес, Тунис провинциясы мен экономикасының жүрегі болып табылады. Алайда қала халқы арасында жұмыссыздық пен кедейлік аса жоғары. Соған сай қала ішіндегі бағалар да қымбат емес.   

Манила, Филиппины

16

Манила, бұрын Gintô (алтын) атымен танылған қала кейін Мэйнила Корольдігінің құрметіне қойылып, сол кезден бастап елдегі дамуы жоғары 16 қаланың біріне айналды. Туризм мен шетел бизнесінің тартылуы - қаланың жетекші экономикалық күші болып саналады.  

Мускат, Оман

17

Шығыс пен батыс аймақтағы басты сауда порты және Оман елінің астанасы Мускат - көпұлтты қоғамның отаны, мұнай және тағы да басқа тауарлар саудасының қызған жері. Мускат экономикасы жыл санап қарыштап дамып келеді.  

Дака, Бангладеш

18

Даканы әлемдік рикшаның (адамдарды таситын қоларба, Шығыс Азияның таксиі десек те болатын шығар) астанасы десек те болатын шығар. Өйткені мұнда жыл сайын олардың 400 мыңдайы жүйткейді. Сондай-ақ Даканы мешіттердің астанасы деп те атайды. Мұндағы тұрғындардың 90 пайызы мұсылмандар.  

Тегеран, Иран

19

Қала бастапқыда Рэй аталды, ол Иранның 32-астанасы және оның осы статусқа ие болғанына 220 жыл өтіпті. Тегеранда биіктігі жағынан әлемдегі 6-орынды алатын Милад мұнарасы орналасқан. Қала Батыс Азиядағы ең ірі және арзан қалалардың бірі. Салыстырмалы түрде айта кетсек, қалада бір бөлке нанның бағасы 35 теңге тұрады. 

Панама-Сити, Панама

22

Бұл қала Тынық мұхиты жағасындағы Панама каналының жанында орналасқан. Ол қазіргі әлемнің 7 кереметінің бірінен саналады. Өзінің алып тропикалық ормандарымен және керемет отельдерімен қала өмір сүруге қолайлы шаһарлардың бірі болып табылады.    

Коломбо, Шри-Ланка

24

Қаланың шынайы аты - Коламба. Коломбо 2000 жылдан бері шетел саудагерлерінің саудасы қызған базары болып келеді. Астана болып ол 1815 жылдан бері, яғни Шри-Ланка Британияға колония болып өткеннен бері аталады. Қала өз статусын 1978 жылы Шри-Ланка өз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін де сақтап қалды. 

Бухарест, Румыния

23

Қала халқының саны бойынша ол Еуроодақта тоғызыншы орынды алады. Оны кейбіреулер "Кішкене Париж" деп те атайды. Бухарест Румынияның астанасы болып 1862 жылы жарияланды. Қала тарихи ескерткіштерге өте бай. Өмір сүруге ауа-райы да аса қолайлы. 

Алжир, Алжир

25

Өзінің мәрмар тастардан жасалған, күнмен шағылысқан ғимараттарымен танылған Алжир-ла Бланш 2007 жылы өмәр сүру деңгейі бойынша әлемде 50-орынды алды. Ондағы бағаны салыстырмалы түрде айта кетсек, қалада 1 литр бензинді 40 теңгеге сатып ала аласыз.  

Катманду, Непал

26

Ежелгі көл бассейнінде салынған Катманду - Непалдың сауда және өнеркәсіптік орталығы болып табылады. Ал келген туристерді қаланың бай діни және мәдени ескерткіштері мен жергілікті халықтың салт-дәстүрі қатты қызықтырады.   

Нью-Дели, Үндістан

27

Нью-Дели - Үндістандағы ең қымбат қала болып саналғанмен, ол әлемдегі арзан қалалардың рейтингісінде екінші орында тұр.  

Мумбай, Үндістан

28

Алғашқыда қала Бомбей деп аталды. Бомбей қала халқының саны бойынша Үндістанда бірінші, ал әлем бойынша төртінші орынды алады. Сауда-саттық мен өндіріс орындары көп шоғырланғанына қарамастан қала әлем бойынша ең арзандарының бірі болып есептеледі. 

Карачи, Пәкістан

29

От, жалын қаласы деп аталатын Карачи биылғы жылы әлемдегі өмір сүруге ең арзан қала деп танылды. Халықаралық Экономикалық Индекске сәйкес 2013 жылғы есеппен Карачи қаласындағы бір бөлке нанның бағасы әлемдегі ең қымбат қала Токиодағы бағадан бес есе арзан болып шықты.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: toeg.ru

Б. Қосмағамбет