Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Археологтар орман арасынан жоғалған майя қаласын тапты

Археологтар орман арасынан жоғалған майя қаласын тапты

Археологтар орман арасынан жоғалған майя қаласын тапты

Мексиканың бір топ археологтары майя халқының ежелгі Кактан қаласын тауып алды. Қаланың орны Мексиканың оңтүстік-шығысындағы Кампече штатынан табылған. Зерттеушілердің сөзінше, табылған қала біздің заманымызға дейінгі 600-900 жылдар аралығында үлкен бір ауданның орталығы болған көрінеді. Мекеннің жалпы ауданы 22 гектарды құраған. Оның аумағында бірнеше ескерткіштер болған. Кейбіреулеріндегі жазулар әлі күнге дейін бояуын жоғалтпай сақтаулы келген екен. 

1

3

Осы күнге дейін жүздеген жылдар бойына қала орман ішінде ешкімге белгісіз болып жасырынып жатты. Оған себеп елдің археологиялық картасындағы осы аймақ зерттелмеген, адам аяғы баспаған аудан болып келгендігі. Археологтарға табылған қала орнына жету үшін ну орман ішіндегі қалың бұталарды шауып, қиын жолды басып өтуге тура келген.  

4

5

Кактан қаласы негізгі үш кешеннен тұрады. Батыстағысы 11 гектарды алып жатса, оңтүстік-шығыс пен солтүстік-шығыстағы қалған екеуінің әрқайсысы да жалпы ауданы 11 гектар жерге орналасқан. 

7

8

00

Бұл аймақта зерттеушілер бірнеше пирамидалық құрылыстарды тапқан. Батыс кешендегі ең алып пирамиданың биіктігі 23 метрді құрап отыр. Одан бөлек, шар ойнауға арналған екі алаңқай, әртүрлі ескерткіштер мен тұрғын үйлердің орындары табылған. Ғалымдар ең құнды жәдігер ретінде бүйірінде жазуы бар 19 ескерткіш тақтаны айтып отыр. Олардың үшеуі бастапқы қалпында сақталған екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

1961 6
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 20 маусым 2013, 03:36
Пікірлер
+0
20 маусым 2013, 08:53

Майя елінің құпиясын толық ашқан адам бар ма екен? 2012 мен біраз қорқытты ғой иа

+0
20 маусым 2013, 09:57

жазудар қалай бояуын жоғалтпаған? :o

+0
20 маусым 2013, 13:32

мәссаған :shock:

+0
20 маусым 2013, 21:06

шіркін барсам ғой көзбен көрсем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...