Ле Моретти мұнарасы ерекше көңіл-күй сыйлайды

Ле Моретти мұнарасы ерекше көңіл-күй сыйлайды

Парижге жолыңыз түсе қалса, міндетті түрде Ла Дефанс ауданына аяқ басуды ұмытпаңыз. Сіз бұл аймақтан Ле Моретти деген алып кәмпитті көретін боласыз.

Француз суретшісі Раймонд Мореттидің шебер қолынан дүниенге келген құрылыс бұлттарға жетіп тұрған кемпірқосақты зеңгір үйді еске салады. Алайда, бұл ерекше туындыға "ғимарат", "үй" деген ат тағайын десең, мұның терезесі де, есігі де жоқ.

Ле Мореттидің құрылыс жұмыстары 1990 жылдары басталып, 1995 жылы аяқталған болатын. Түрлі-түсті мұнараның биіктігі 32 метрді құрайды. Құрылыс 672 құбыр қоршап тұратын жалғыз вентилияциялық бағанадан тұрады. Бұл бағана өте берік әйнек талшықтарынан жасалған екен. Бас сәулетшінің айтуынша, оны бір сызық бойымен созатын болса, 22 шақырымға дейін жететін көрінеді.

Ле Моретти бағаналары 19 түсті иемденген және оларды диаметрлері әр түрлі келеді (3 см мен 30 см аралығында). Суретші жарықтың әсерінен өзгеріске түсетін жылы және суық түстерді әдейі араластыра таңдаған. Түн мезгілінде мұнараны прожекторлар әрлендіреді.

Бір қарағанда тым оңай құрылыс көрінгенімен, Ле Мореттиді тұрғызу үшін 2100 сағат кеткен және ол үшін 200 жұмысшы тынбай еңбек еткен.

Ле Мореттиге таяу маңда тұратын тұрғындар мұнараның позитивті көңіл-күй сыйлайтындығын айтып, әр таң сайын осындай сұлулықты көретіндіктеріне шексіз қуанышты. Ал түнгі сұлулықтың әсерін айтып жеткізуге сөз таба алмайды.

Мұнараның аты берілген атақты суретші Моретти ұзақ жылдар бойы еліне қажырлы еңбек сіңірген тұлға. Ол танымал француз суретшісі Жан Коктомен, Пабло Пикассомен жақсы дос болған.

 

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева