Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Жетім өзен

Жетім өзен

Біздің планета таңғажайып әрі құпия мекендерге бай. Жүре берсең, көре бересің, іздеген сайын шыға береді. Бұл құбылыстар қарапайым халықты ғана емес, ғылымның жілігін шағып, майын ішкен ғалымдардың басын шайқатып, таңдайын қақтырады. Соның бірі – Бос өзен.

Өзен Батыс Сібір аймағындағы Тисульск ауданында орналасқан. Бұл табиғи су қойма атына заты сай тым ерекше болып келеді. Барлық сыр мынада жатыр: өзенде фауна әулетінің өкілі саналатын бірде-бір жәндік мекен етпейді. Оның суында балық та, шаянтектестер де, қосмекенділер де, су асты әлеміне тән ешбір жан-жануар кездеспейді. Иә, дәл осы құбылыс өзен атауына себеп болып отыр.

Сіздің ойыңызға  израильдік Өлі теңіздің сап ете қалғанын жақсы біліп отырмыз. Бұл теңіздің суында тұздың мөлшері тым көп болғандықтан ешбір тірі организмнің өмір сүруге шамасы жетпейді. Десе де, осындай ауыр жағдайдың өзінде бактериялардың бірнеше түрін ұшырастыруға болады.

Бірақ әңгімемізге арқау болып отырған Бос өзеннің суы мүлде тұзды емес. Ғалымдардың зерттеулеріне сенсек, өзеннің химиялық құрамы оған жақын басқа өзендерден ерекшеленбейді. Мұндай су қоймалар Алатаудың баурайында өте көп кездеседі және олардың барлығында балықтар қызу тіршілік етіп жатыр. Тек қана Бос өзен мұндай мүмкіндіктен мақұрым қалып отыр.

Сондай-ақ, Бос өзенге өзі секілді бірнеше өзендер келіп құяды. Балықтар бұл өзенге жүзіп келмейтіндіктен бе, әлде, келе сала қырылып қалатындықтан ба, әйтеуір, өзеннен оларды көре алмайсыз.

Жабулы қазан осы күнге дейін жабулы қалып отыр. Қаншама зерттеу жұмыстары жүргізіліп үлгерді, бірақ, бірде-бір ғалым өзеннің құпиясын шеше алатын болжам айта алмады.

Өзен суына арнайы жүргізілген сараптамалар химиялық құрамында ешқандай ерекшеліктердің жоқ екендігін, ешбір улы заттың табылмағандығын айтып отыр.

Жетім өзенге жаны ашыған жергілікті тұрғындар бар күш-жігерін салып тірілтпек болған екен. Олар шортан, табан, алабұға сынды көнбіс балықтарды таңдап алып, өзенге жіберіп көрген. Өкінішке орай балықтар өзенге үйренісіп кете алмады, көп ұзамай өліп қала берген.

Бос өзеннің жұмбағын шешу болашақтың еншісінде деп білеміз.

Суреттер:chudomir.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5612 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 30 мамыр 2013, 17:24
Пікірлер
+0
30 мамыр 2013, 18:49

қызық екен

+0
30 мамыр 2013, 19:32

жетім десе, жетім екен. Аянышты. Су болғасын, онда тіршілік қыз-қыз қайнап жатпаса болмайды ғой. Дәл "баласыз үй - мазар" сияқты екен.

+0
30 мамыр 2013, 19:34

судың астында бірдеңе бар да ато қалай қырылып қалат

+0
30 мамыр 2013, 23:00

бір пәлесі бар шығар,,,

+0
31 мамыр 2013, 17:03

мда, қорқасың да

+0
31 мамыр 2013, 19:15

явно бір бәлесі болып тұрғой!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев