Лондон гүлге оранды

Лондон гүлге оранды

Лондонда жыл сайын өткізіліп тұратын Chelsea Flower Show гүлдер көрмесі ашылды. Осы жылы жүз жылдық мерейтойына орай ерекше салтанатты сәнге бөленбек. 

Chelsea Flower Show көрмесінің ашылу салтанатында II  Елизавета мен ақсүйектер әулетінің отбасы мүшелері келіп қатысты. Және де бірінші күні Ұлыбританияның барлық бетке ұстарлары көрмеге арнайы ат басын бұрды - британдық актерлер, музыканттар, дизайнерлер, т.б. 

Салтанаттың көрменің ашылу салтанатынан соң, қонақтар ханзада Гарридің қайырымдылық қорымен Диана ханшайымға арналып жасалған Forget Me Not («Ботакөз») бақшасын аралады. 

Chelsea Flower Show – ең елеулі шаралардың бірі. Жыл сайы көрмеге 150 мыңға жуық адам келеді. Билеттер күні бұрын таратылады. Көрмеде сапалы гүл композициясы мен кішігірім бақшалар және өсімдіктердің жаңа тұқымдары қойылады. Сөз шыны, Chelsea Flower Show – гүлдер әлеміндегі сән апталығы.

Ханзада Гарри және патшайым II Елизавета 

Герцогиня Камилла және ханзада Чарльз  

Актриса Хелен Миррен 

Ринго Старр 

Дизайнер Пол Смит

Сурет:evolvestar.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига