Тырнақ бояуымен салынған картиналар

Тырнақ бояуымен салынған картиналар

Біз ойлағандай тырнаққа лакпен түсер жаңа бедерлерді іздеу жолында қылықты бойжеткендер ғана әуреленбейді екен. Мексикалық суретші Кристиам Рамос картина жазуда тек лактарды ғана қолданады.

Талантты шебер керемет портреттер мен пейзаждарды дүниеге алып келіп қана қоймай, сол қатарда көркемөнер саласындағы әлемдік қайталанбас туындылардың көшірмесін жасайтын болып отыр. Бүгінгі таңда топтамасы "лакталған" Да Винчи, Ван Гог, Моне мен Сералармен толықтырылған. 

Рамостың айтуынша, аталған материалмен жұмыс жасау көркемөнер бояуларына қарағанда, ептіліктік пен ауыр еңбекті талап етпек.

Лактың біз білмейтін (жігіттерді айтып отырмын) екі бірдей жетімсіздігі бар көрінеді: біріншіден, тез кеуіп кетеді, екіншіден, бояуларды араластыру өте қиын. Оның анық көрсеткіші ретінде суретші жазатын бір картинаға 4-5 апта кететінін және материалға қажетті 1000 доллардың шамасында қаржы жұмсалатынын айтсақ та жеткілікті. 

Кристиам Рамостың бір айтқысы келетіні, оның шығармашылығы ерлерден гөрі, әйелдер жағын көбірек қызықтыратын болып шыққан. Өйткені, нәзік жанды ханымдар мен бикештер тырнақты ептілікпен бояу дегеннің қаншалықты машақат екенін тумыстарынан біледі. Ал картина жазудың қиындығы өз алдына бөлек әңгіме. 

Мексикалық суретші жақын жылдары әлемдік әйгілі жұлдызға айналып, жасаған еңбектерінің бағасы бірнеше есеге өсіп кетеді деген болжам бар. Ал әзірше Рамостың бір еңбегін 4-9 мың долларға сатып ала аласыз.

 


сурет:blogkrasoty.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига