"Туған күн егіздерімен" кездесу

"Туған күн егіздерімен" кездесу

Ағылшын жазушысы Ричард Эйвис өзімен бір қатарда бір күнде туылған адамдарды іздестіру жолында бүкіл әлемге саяхат жасауда.

1974 жылдың 1 желтоқсанында туған адамның британ жазушысының тізіміне кіруіне толыққанды негіз бар.  Бүгінгі таңда Ричард қырықтан астам өзінің "туған күн егіздерімен" кездесу үшін жер-жаһанға саяхат жасап, кезбелікке салыну жолында кітап жазуды қолға алмақ. 

"Осы күн мен ғана туылған жоқпын. Осы күн менімен бір қатарда қаншама адам туған күнін тойлап жатады десеңізші. Ең бастысы, олардың қандай өмір сүріп жатқаны. Өз ғұмыр жолдарында қандай жетістіктерге жеткен және оларды не мазалап, не қуантады? Менің білгім келгем сұрақтардың бір парасы осы", - дейді британ жазушысы.

Айта отырсақ,  игі істің бастамашысы әлемнің әр түкпірінде 01.12.1974 жылы дүниеге келген тоғызға жуық адаммен жүзбе-жүз кездесіп үлгеріпті. Ол қатарда: Нидерландының чемпион-бодибилдері, Нью-Йорктің актері, италиялық бір қаланың мэрі, Норвегияның олимпиадашысы және Ирландиядан шыққан жазушы бар.

Алдағы күнде Аустрия, Таиланд, Ресей, Индонезия, Черногория, Марокко, Словения және Бруней елдерінде өзінің "туған күн егіздерімен" жолығысып көрмек.

сурет:www.profi-forex.org 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига