Ең белсенді саяхатшылар – қытайлықтар

Ең белсенді саяхатшылар – қытайлықтар

Мамандардың пікірінше әлемдегі ең көп саяхаттайтын халық – қытайлықтар. Өткен жылы ҚХР азаматтары шетелге шамамен 80 миллион рет шыққан. Олар осылайша америкалықтар мен немістерді артына тастап, белсенділік жағынан бірінші орынға шығып отыр.

"Қытай өзінің активтерін белсенді түрде жұмсайды, әлемдегі ең ірі инвесторлар болып табылады. Жер бетінің түкпір-түкпірінде қытайлардың саны күн өткен сайын көбейіп бара жатыр. Қазіргі кезде Оңтүстік-Шығыс Азияны айтпаған күннің өзінде, Испания, Италия елдерінің инфраструктарасы осы қытайлық тұтынушылардың ыңғайына қарай дамып келе жатыр", - деді Ресей туриндустрия одағының вице-президенті Юрий Барзыкин.

Айта кетелік, 2005 жылы қытайлықтар сөз болып отырған рейтингте 4-орында тұрған болатын, ал 2011 жылы үшінші орынға жылжыды. Бір жыл өткеннен кейін, аспан асты елінің туристерінің саны 20 пайызға өсті. Бұл ел экономикасының көтерілуі мен халықтың ақшасының көбейгендігінің салдары.

Айта кетелік, Қытай туристерді өзіне тарту рейтингінде Франция мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: spinkedzzz.livejournal.com

Ю. НИКУЛЛИН