Жапондар арықтататын кофе өндіре бастады

Жапондар арықтататын кофе өндіре бастады

Жапондық компания адам ағзасындағы майды кетіретін қасиеті бар кофенің өндірісін бастап кетті.

Бұл нәтижеге жету үшін кофе дәндерін әдеттегіден 2,5 есе ұзақ қуырады. Осылайша хлороген қышқылының көп бөлінуіне жағдай жасалады.

Айта кетелік, ғалымдар бұған дейін 12 апталық тәжірибе өткізді. 109 әйел және ер адам қатысқан эксперименттің нәтижесінде, әр қатысушы шамамен 1,5 килограмм салмақ тастаған.

Күніне 185 мл кофе ішкендердің 25 пайызы 4 аптадан кейін салмақ тастай бастағандарын айтса, 51 пайызы 8 аптадан кейін, 72 пайызы 12 аптадан кейін эффекттің байқала бастағандығын айтқан.

Ресми емес ақпараттарға сәйкес, бір банка кофе 150 иенға (1,60 доллар) сатылатын болады. Сусын екі нұсқада өндіріледі: қантсыз, қантты және сүтті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: petrushki.net

Massaget