Қытайлық журналист қыз жер сілкінісі жөніндегі репортажды той көйлегінде жасады

Қытайлық журналист қыз жер сілкінісі жөніндегі репортажды той көйлегінде жасады

Қытай телеарналарының бірінде бұрын-соңды кездеспеген қызық оқиға орын алды. 

Оқиға былай болған. Қытайдағы Яань қаласының YATV телеарнасында жұмыс жасайтын журналист қыз табиғи апат болған күні өзінің тойына дайындалып жатырған екен. Бірақ, ол аяқ астынан болған жер сілкінісі кезінде бар жұмысын тастап, жергілікті тұрғындардан сұқбат алуға асыққан. Ол репортаж жасау барысында үстіндегі той көйлегін де шешіп үлгермеген екен.

Журналист репортаж аяқталысымен бірден некесін қиған. Әзірше оның есімі мен телеарна басшылығының болған оқиғаға байланысты қандай мәлімдеме жасағаны белгісіз болып отыр. 

Естеріңізге салсақ, жүздеген адамның өмірін жалмаған жер сілкінісі Қытайдың Яань қаласында болған еді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: grandtour.ru

Б. Қосмағамбет