Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Қауіппен бетпе-бет келгенде...

Қауіппен бетпе-бет келгенде...

Қауіппен бетпе-бет келгенде...

Қауіппен бетпе-бет келгенде, бар болмысымыз ашылып, шынайы бейнеміз көрінеді. Батыр деп жүрген адам нағыз қорқақ, ал қорқақ дегендер батыр болып шығуы әбден мүмкін. Әлемнің түкпір-түкпірінде орын алған небір оқиғалар осы сөзіміздің айғағы бола алады.

Мұғалім болу – үлкен жауапкершілік. Бұл туралы Қытайдағы бір ауылдың мұғалімі Фан Мезонг та білген шығар. Фан Мезонг әдеттегідей сабағын түсіндіріп тұрғанда, кенеттен жер сілкінісі басталады (2008 жылдың 12 мамырындағы жер сілкінісі болуы керек). Сонда мұғалім оқушыларына: "Сабыр сақтаңыздар. Бұл – жер сілкінісі" деп айтуын айтқанымен, бір сәтте өзі сыныптан сытылып шығып, ешкімге қарамай зытып берген көрінеді. 

Сөйтіп Мезонг мектептегі футбол алаңының ортасына дейін жүгіріпті. Сонда ғана есін жинап, оқушыларды үреймен бетпе-бет қалдырып кеткені ойына оралған екен. 

Білдей мұғалімнің бұнысы несі дейтін шығарсыз? Әлбетте. Өзіне осы сұрақты қойғанда ол: "Мен өз-өзімді қатты сақтаймын. Қауіп төнгенде, өзімнен басқа бәріне түкіргенім бар" деген екен. Осы жағдайдан кейін Мезонг жұмысынан босатылды. 

Титаник – айсбергке соғылған жалғыз кеме емес. 1849 жылы "Ханна" атты кеме де осыған ұқсас жағдайды бастан кешкен. 

Ханна суға батып бара жатқанда, ішінде 200 жолаушы болған еді. Апатты жағдайдан құтқаратын шлюпка әлбетте бәріне жетпеді. Тіпті, бір-ақ шлюпка болған еді. Сонда капитан не істеді деп ойлайсыз? Капитан командасымен әлгі шлюпкаға жармасып, суға секіріп кеткен екен. 

Өкінішке орай, Ханнада қалған жолаушылар өздері әрекет етпесе болмайтынын түсінді. Басқа амалдары қалмаған соң, айсбергтің өзіне үміт артып, кемеден мұзға қарай секіре бастады.

Енді қуанышты жағдай: Оларды құтқарушы топ келіп құтқарып алды. Жолаушыларды әкеліп орналастырған жерге кейінірек әлгі команда капитанымен бірге әкелінді. Қауіппен бетпе-бет келгенде, жандары үшін жанталасып, негізгі міндетінен тайқыған қорқақ командаға жолаушылар не деді екен?..

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: interesting-things.ru

274 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 20 сәуір 2013, 15:20
Пікірлер
+0
21 сәуір 2013, 18:37

Терең мағынада жазылған екен. Иә, расында кей жағдайда қара басымыздың қамын ойлап кететініміз бар.

+0
21 сәуір 2013, 18:56

Кез-келген адам жеме-жемге келгенде өз басын сақтауға тырысады, бұл батырлыққа немесе қорқақтыққа байланысты емес табиғи инстинг. Бұны рульде отырған адамдар жақсы түсінеді.

+0
22 сәуір 2013, 11:32

:lol: менде сөйтер ме едім))

+0
23 сәуір 2013, 18:10

фан мезонг жынды :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...