Бүгін – Халықаралық бақыт күні

Бүгін – Халықаралық бақыт күні
Фото: zza.delo.ua

2012 жылы БҰҰ өз қарарымен 20 наурызды Халықаралық бақыт күні ретінде белгіледі. 193 елдің қолдауымен бекітілген мереке 10 жылдан бері тойланып келеді.

Бұл күні адамдар бір-біріне жылы лебіздер айтады және барлық қалаларда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Халықаралық ұйым мүшелері бақытқа ұмтылудың жалпы адамзатқа ортақ сезім идеясына қолдау білдіру мақсатында бұл күнді арнайы бекітті. Бұл идеяны оңтүстіказиялық Бутан Корольдігі ұсынған. Өйткені осы елдің халқы әлемдегі ең бақытты адамдар болып есептеледі.

Адамның әл-ауқатын және қоршаған ортаға қатысты оның жай-күйін анықтау үшін арнайы көрсеткіш те енгізілді. Ол халықаралық бақыт индексі деп аталады. Бұл көрсеткіш әр мемлекеттің тұрғындары қаншалықты өздерін бақытты сезінетінін көрсетеді.

Биылғы World Happiness Report рейтингінде әлемдегі ең бақытты елдердің көшін Финляндия бастады. Қазақстан бұл рейтингте 40-орынға тұрақтады. Алғашқы ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланд, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия кірген.

11-ден 15-ке дейін өсу реті бойынша келесі елдер: Аустрия, Аустралия, Ирландия, Германия және Канада.

АҚШ 16-шы орында (2021 жылы 14-ші орында болған), ал Ұлыбритания 17-ші орында (2021 жылы 18-ші).

Францияның рейтингтегі орны өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды – 20-орын. Қазақстан 40-орынға көтеріліп, позициясын жақсартты (2021 жылы 45-ші орын).

Рейтинг бойынша Латвия – 42, Өзбекстан – 53, Молдова – 62, Қырғызстан – 64, Беларусь – 65, Түркіменстан – 78, Армения – 82, Тәжікстан – 83. e, Әзірбайжан – 92, Украина – 98, Грузия – 105 орынға жайғасты. .

Ресей биыл рейтингтегі позициясын нашарлатып, 80-орынға (2021 жылы 60-орын) төмендеді.

Ең бақытсыз елдер Ливан (145-орын) және Ауғанстан (рейтингтің соңғы қатары) болды.

А. Оралқызы