Фил Найттың өмірлік қағидалары

Фил Найттың өмірлік қағидалары
Фото: sports.ru

Фил Найт – "америкалық арманның" нағыз көрінісі.  Ол өз бизнесін автомобиль жолжүгінде жапон аяқ киімдерін сатудан бастайды. Кейіннен ол әлемдегі ең әйгілі және бай спорттық аяқ киім өндірушілерінің бірі атанады. Оның байлығы 33,4 миллиард долларға бағаланады, ал Nike компаниясының қаржысы шамамен 150 миллиард долларға жуық. Бүгін бизнесменнің өмірлік қағидаларын назарға ұсынамыз.

— Тарихты құрыңыз немесе оның бір бөлігі болыңыз.

— Біздің мақсатымыз не? Жеңіс. Кез келген бағамен. Біз жеңіссіз өмір сүре алмаймыз.

— Жеңу үшін емес, жеңілмек үшін күрес.

— Талантыңызды көміп тастамау үшін тәуекелге барудан қорықпаңыз.

— Тоқтама. Мақсатыңызға жеткенше тоқтау туралы ойламаңыз.

— Бәрі идеяңызды ақылға қонымсыз десе де, қозғалысты жалғастырыңыз ... Не болса да, тоқтамаңыз. Дүниені ақылсыз идеялар жаратты.

— Кез келген ауру мен шаршаудың емі бар. Тек көп жұмыс істеу керек.

— Қолыңыздан келетін нәрсемен айналысыңыз. Сонда шаршауға төтеп беру оңайырақ болады, ал шыңдар сіз ешқашан жетпейтіндей биік көрінбейді.

— Жұмыста да, өмірде де үнемі жанжал болады. Татулық пен жанжал арасындағы күрес мәңгі жалғасады. Олардың ешқайсысы жеңе алмайды, бірақ екеуі де сізге әсер ете алады. Оны қалай күресетіңіз - сіздің табысыңыздың кілті.

— Армандаңыз. Құлап қалудан қорықпаңыз. Шұғыл әрекет етіңіз.

— Сенім адамға қажет нәрсе. Бұл ақша мен өтімділіктен маңызды.

— Кішкене сәтсіздіктердің сізді шайқалтуына жол бермеңіз. Айтпақшы, әлемдегі сәтсіздіктердің барлығы дерлік болмашы.

Т. Есқали