Шотландиядағы Кинлох сарайы 1 еуроға сатылады

Шотландиядағы Кинлох сарайы 1 еуроға сатылады
Фото: www.design.24tv.ua

Шотландияда Рам аралында орналасқан Кинлох сарайы сатуға қойылды. Иесі оны бар болғаны 1 еуроға беруге дайын, бірақ қоятын шарттары бар. Сарайдың жаңа қожайыны тарихи архитектуралық ескерткішті қалпына келтіруді толық қаржыландыруға міндеттелуі керек. Бұл туралы The Sun басылымы жазады.

Бұл тарихи нысан Ланкаширтумасы, тоқыма магнаты сэр Джордж Баллоудың жеке резиденциясы ретінде салынған. Кезінде оның әкесі аралды сатып алған.

Фото The Times

Фото The Times

Оның құрылысы 1897 жылы басталып, 1900 жылы аяқталды. Бір қызығы сарай тіпті өзінің бастапқы интерьерін сақтап қалған. Ғимарат қазіргі уақытта NatureScot-тың меншігінде, бірақ ұйым оның жөндеу жұмыстарын қаржыландыра алмайды. Жұмыстың құны, алдын ала есептеулер бойынша, 23,6 миллион еуро тұрады.

NatureScot сарайдың жаңа иесі оны қалпына келтіріп, Рам аралын танымал туристік жерге айналдырады деп үміттенеді.

А. Оралқызы