Мемлекеттер ғаламшарға айналса қандай болар еді?

Қазақстан ғаламшар болса, Айдан 15 есе кіші болар еді. MetaBallStudios YouTube-арнасы әлем елдерін ғаламшарға айналдырып, бір сәт қиялға ерік берді.

MetaBallStudios арнасы әдетте әр түрлі дененің көлемін салыстырып, қызық видеолар жариялайды. Бұл жолы YouTube-арна әлем елдерінің ғаламшарға айналғандағы түрін бейнелеген. 

Ватиканнан бастаған ғаламшар-мемлекеттердің шеруіне барлық ел кірмеген. Дегенмен алпауыттар тізіміндегі Қазақстанды видеодан көруге болады.