АҚШ пен Жапония Айды бірге зерттеуге кірісті

АҚШ пен Жапония Айды бірге зерттеуге кірісті
Фото: vk.com

Америка Құрама Штаттарының Ұлттық аэроғарыш агенттігі - NASA мен Жапония үкіметі бірлескен зерттеу туралы декларацияға қол қойды. Олар Айды ендігіде өзара келісе отырып игермек. Бұл туралы NASA баспасөз қызметі хабарлады. 

Құжатқа NASA басшысы Джим Бранденстайн мен Жапонияның білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрі Коичи Хагуйда қол қойды. Құжат Америка Құрама Штаттары мен Жапонияның «Артемида» америкалық ғарыштық бағдарламасы аясындағы ынтымақтастығын растайды. 

Айды зерттеумен қатар, ғарыш бағдарламасы Жер серігіне алғаш рет әйел ғарышкерді қондыру мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар, Айды Марсты одан әрі зерттеу жолындағы платформа ретінде пайдалану жоспарланып отыр.

Т. Раушанұлы