Нидерландта адамның жеке куәлігіндегі жынысын көрсетпейтін болды

Нидерландта адамның жеке куәлігіндегі жынысын көрсетпейтін болды
Фото: nu.nl

Нидерланд Парламенті азаматтардың жеке куәліктегі жынысын көрсетпеуге шешім шығарды. Олар жеке куәліктегі бұл ақпаратты керексіз деп санайды. Жаңа заң 2024-2025 жылдары күшіне енеді.

"Гендер – әр адамның өз мәселесі. Жеке куәліктен бұл ақпаратты алып тастаудың кері салдары болмайды. Себебі осыған дейін кейбір адам құжаттағы "жынысы анықталмаған" деген үшінші категорияны таңдап жатады. Ал бұл үшін олар сотқа арнайы өтініш жазуы керек болатын", - дейді білім беру, мәдениет, ғылым министрі Ингрид ван Энгелсховен.

Нидерландтың ЛГБТК-қауымдастығы бұл жаңалыққа дән риза. Дей тұрғанмен "Жынысы" деген жазу шетел төлқұжатында сақталады, себебі бұл – Еуразия Одағының талабы.

Massaget.kz