Мадридте жылжымалы кинотеатрлар пайда болды

Мадридте жылжымалы кинотеатрлар пайда болды
Фото: vk.com

Испания астанасы Мадрид тұрғындары енді үйлерінен шықпай-ақ кинотеатрдан фильм қарай алады.

Ол үшін балкондары шықса болғаны. Осылайша қала әкімдігі карантинде үйлеріне қамалған жергілікті халыққа қолдау көрсетті.

Арбасына үлкен экран тиеген фургондар Мадридтің түрлі аудандарына кино "тасиды". Мэрия мұндай шара халықтың жалғызсырамауына көмектесетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік,  аталған елде COVID-19 вирусынан жалпы саны 24 543 адам өмірден өтті.

А. Оралқызы