107 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты

107 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты
Фото: www.ilovehobby.club

107 жастағы Нидерланд тұрғыны Корнелия Рас коронавирус пандемиясынан  айықты.  Ол  – әзірге індетті жеңген ең қарт адам.

Кейуана ауруға 107 жасын атап өткеннен кейін ертеңіне шалдыққан. Корнелия 17 наурыз күні тәңірге құлшылық ету үшін Гуре-Оверфлакке аралындағы шіркеуге барған. Сол жерде болған 41 адам вирус жұқтырған болып шықты. Ақыры олардың 20-сы COVID-19 ауруынан көз жұмды.

Осыған дейін дертті жеңген ең қарт адам 104 жастағы америкалық Билл Лапши болған еді.

А. Оралқызы