Forbes: Кайли Дженнер тағы да ең жас миллиардер атанды

Forbes басылымы 2020 жылдағы ең бай адам рейтингін жариялады. Былтырғы рейтинг қорытындысы бойынша Кайли Дженнер ең жас миллиардер атанғанын жазған едік. Биыл да ол өз орнында қалды.

Былтыр ол ең жас миллиардер атанып қана қоймай, тарихтағы ең жас self-made (өз байлығына өзі жеткен, өз кәсібін өзі ашқан) атанып, Марк Цукербергтің рекордын жаңалады. Цукерберг миллиардерге айналған кезде 23 жаста болған.

Жалпы, 30 жасқа дейін миллардер атанған 8 биснесменнің 3-еуі қазіргі қаржыларын 0-ден бастап өздері жинағандар – Дженнерден басқа Stripe негізін қалаушылардың бірі Джон Коллисон және Snapchat-тың негізін қалаушы Эван Шпигель. Екеуінің де байлығын Forbes 2,1 миллиард доллар деп бағалаған.

Бір қызығы, Кайли биыл АҚШ-тың патенттер мен тауар белгілері бюросына екі бірдей сауда маркасын тіркеу туралы өтінім берген.

Олардың біріншісі – Kylie Kon. Бұл атаудағы бренд түрлі шаралар, арнайы кездесулер, конференциялар мен көрмелер, семинарлар мен бьюти-воркшоптар ұйымдастырумен айналысады. Кайли Дженнер тіркеуге ұсынған екінші марка – Kylie Museum. Бұл – офлайн-шараларға арналған платформа. Кайли музейіне қандай экспозиция қойылатыны әзірге беймәлім.

Бірақ Forbes миллиардері тізімін бастаушы әрі Kylie Cosmetics бьюти-империясының негізін қалаушы ретінде оның жұртшылыққа көрсетері әлі бар екені анық.