Ғаламдық мәселені шешуге арналған 4 стартап

Ғаламдық мәселені шешуге арналған 4 стартап
Фото: yandex.kz

Бизнес жобаның басты міндеті – адамның қандай да бір мәселесін шешу. Олардың кейбірі бүкіл адамзатқа қызмет етпек. Аштық пен аурудан аман алып қалуы мүмкін. Мұндай стартап жобалар – кәсіпкерлердің ізгі ниетінен туған дүниелер.

Адамзатқа пайдалы, өте қарапайым жобалардың кейбіріне тоқталып өтсек.

SustainEarth Energy Solutions

Үндістандағы тұрғындардың көбі үйін от жағып жылытады. Тамақ дайындайды. Ал отын табу оңай емес. Соны ескерген Нью-Дели университетінің үш студенті биогаз өндіретін қондырғы жасайтын компания құрып, миллиондаған адамның қажеттілігін өтеді.

Аталмыш қондырғы сиырдың тезегін жағып, содан тұрмыстық газ өндіреді. Экологияға еш зияны жоқ биологиялық таза газ.

Қазір компания мамандары қондырғының орнатумен, кеңес берумен айналысады. Қондырғы 10 жылға дейін бүлінбей қызмет етеді.

QI Incubator

Фармацевт Ли Кван Африкада ашығып жатқандарды құтқару үшін арнайы инкубатор ойлап тапқан. Инкубаторда құрт өсіруге болады. Ал ол құрттың құнарлығы етпен бірдей. Құртты өсіруге көп шығын кетпейді. Есесіне, елді құнарлы ақуызбен қамтамасыз етуге болады.

Инкубаторды сатып алғандарға құрт өсіру қиын емес. Қазір мұндай инкубаторды қолданушылар көп, әсіресе, Азия елдерінде танымал. Шамамен, 75 еуро тұрады.

Freight Farms

Бұл стартап жеміс-жидек пен көкөністі кез келген жерде өсіруге мүмкіндік береді. Мұндай контейнер-жылыжайды орнату оңай. Ішінде тұқым егуге арналған жеке-жеке гидропонды қондырғылар орнатылған.

Жылыжайдың температурасын қолмен реттеп отыруға болады. Арнайы диодты шамдар орналасқан. Жылыжайлы қолдан орнатуға болатындықтан, кез келген уақытта бұзып тасып әкетіп басқа жақта құруға болады.

Ocean Cleanup

Бұл жүйе мұхиттағы қоқыстарды жинауға көмектеседі. 600 метрге дейін созылып жатқан конструкция мұхит бетінде қалқып тұрады. Астында қоқыс жинауға арналған торы бар.

Қ. Слямбек