Мысырда пирамидаларды залалсыздандыру шаралары жүргізілді

Мысырда пирамидаларды залалсыздандыру шаралары жүргізілді
Фото: vk.com

Соңғы уақытта коронавирустың бұрынғыдан бетер өрши түсуіне байланысты Мысыр билігі пирамида сынды түрлі мәдени нысандарға залалсыздандыру шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл жергілікті билікті COVID-19 обасынан қорғану мақсатында ұйымдастырған шараларының бірқатары ғана. Бұған дейін аталған елдегі археологилық нысандар наурыз айының 23-і мен 31-і аралығында жұмыс істемейтіні туралы хабарланған болатын. Туристер арасында танымал орындарға да залалсыздандыру шаралары жасалды.

Сондай-ақ коменданттық сағат енгізіліп, мектептер жабылды және авирейстер тоқтатылды. NYT басылымы хабарлауы бойынша, Мысырда осыған дейін 400 адам коронавирусқа шалдығып, олардың 21-і өлім аузында жатыр.

Т. Раушанұлы