Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Airbnb Джульеттаның үйін жалға береді
Airbnb Джульеттаның үйін жалға береді

Тұрғын үйді жалға беру бойынша көш бастап тұрған Airbnb компаниясы Джульеттаның Веронадағы музей үйін жалға береді. Бірақ, Еуропа жұртшылығының ғашықтар күні саналатын 14 ақпанда ғана.

Ғашықтарға Мишленнің екі жұлдызды шеф аспазы Джанкарло Пербеллини кешкі ас дайындайды. Сондай-ақ, олар каминнің қасында әлемнің әр түкпірінен келген ғашықтық хаттарын оқып, таңды Джульеттаның бөлмесінде атыру мүмкіндігіне ие болады.

Мұндай ерекше күйге бөлену үшін конкурстан өту керек. Шарт бойынша, жұп өзінің махаббат оқиғасын сипаттап ағылшын тілінде хат жолдайды. Қабылдауды соңғы күні 2020 жылдың 2 ақпаны деп белгіленген. Ұйымдастырушылар сезімдеріне еш күмән келтірмей, Ұлы Махаббат екеніне көз жеткізген хат иелері арнайы шақырту алады.

Веронадағы Джульетта үйі – ғашықтар көп баратын туристік орын. Жыл сайын бұл жерге миллиондаған ғашықтық хаттары келеді. Еріктілер олардың әрқайсысына жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Airbnb ұсынып отырған алғашқы тосын сый емес. Осыған дейін Жер шарының түкпір-түкпірінен туристерге түнеп шығар орын табуға көмектесетін сервис Париждегі бір түнді Луврда өткізу мүмкіндігін берген болатын.

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 24 қаңтар, 10:36
Тегтер: Airbnb, Джульетта, үй,