Нидерланд "Голландия" атауынан ресми түрде бас тартты

Нидерланд "Голландия" атауынан ресми түрде бас тартты
Фото: misteli.nl

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресми түрде "Голландия" Нидерланд мемлекетін білдіретін атау ретінде қолданылмайды. 

Жергілікті билік, жоғары оқу орындары, жеке компаниялар мен басылымдар "Нидерланд" атауын қолдануы керек. Үкімет бұл қадам арқылы мемлекетті есірткі мен жезөкшелікке байланысты ел образынан айырады деп санайды.  Сондай-ақ ел билігі бұл шешім туристер ағынын өзгертеді деп болжап отыр. Себебі бүгінде шетелдіктердің көбі тарихи Голландияны - Амстердам, Харлем және Гааганы көру үшін барады екен. Ал бұл қалалар қазір туристер ағынын қабылдауға дайын емес. 

"Нидерланд" сөзі "жер қойнауы" деген мағынаны білдіреді. Кейбір деректер мұндай атауды Х ғасырда Рим империясының қол астында болған кезде пайда болды дейді. Алайда тарих беттерінде "нидерланд" сөзі ХІV ғасырдан бастап кездеседі. Ұзақ уақыт бойы бұл жерде көптеген тайпалар бір-бірімен аралас-құралас өмір сүрген. Неміс билеушілері бұл аумақты өз меншігіне алу үшін оның теңізге жақын орналасқанына қарап "жер қойнауы" деп атаған екен.

Ал енді "Голландия" атауы қайдан келген дегенге тоқталатын болсақ, бұл Нидерланд мемлекетінің құрамындағы жер атауы. Голландияның өзі Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік бөліктің астанасы Амстердам қаласы Голландияның даму, өсу ортасы болған. Орта ғасырда Голландияның мәдени және экономикалық жетістіктерінің дүмпуі бүкіл Еуропаға таралған. 1697 жылы Ресей патшасы І Петр туыстарымен Голландияға келген екен. Ол кемелерін қайта жөндеуден өткізу үшін шеберлер жалдаған.

"Ұсталардан қай жерден келдіңіздер" дегенде өз аумағының дамығанынан масаттанған олар Нидерланд емес, "Голландиядан келдік" деп жауап берген. Уақыт өте келе бұл екі атауды көп адамдар екі мемлекеттің аты деп ойлай бастады. Сол себепті шатастырып жатады. Нидерландтың алтын дәуірінде мемлекеттің экономикасы, құл саудасы және басқа мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнату сияқты жоғары лауазымды адамдар голландиялықтар болған екен. Олар өз кезегінде "Голландия" сөзінің жиі айтылып, таралуына сеп болған.

Н. Үсенова