Импичмент деген не?

Импичмент деген не?
Фото: Washington Post

Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында Сенат шешеді.

Импичмент дегеніміз – қылмыстық айыптауға байланысты парламент сотының жоғары мемлекеттік шенеунікті, оның ішінде мемлекет басшысын қызметінен босату тәртібі.

Конгрест екі мәселені дауысқа салды. Дональд Трампқа салынған айыптың біріншісі – қызмет бабын асыра пайдалану. Конгрессмендердің 230 "келісемін" деп дауыс берсе, 198 қарсы шыққан. Екінші айып – конгрестегі обструкцясы (конгресстің жұмысына кедергі келтіру). 229 адам келіссе, 198 қарсы дауыс берді. Конгресс Сотының импичмент жариялауы үшін екі айыптың біреуінен 216 дауыс жинаса да жеткілікті болар еді.

Дональд Трамптың өзі дауыс беруден соң Twitter парақшасында былай деп жазды: "Қызметімізден босатуға тырысып жатқанға ұқсамайды.. Бүгінде еліміздің жағдайы бұрын-соңды болмаған даму үстінде. Біз ешқандай да заңға қайшы әрекет істеген жоқпыз. Бізді Республикалық партия қолдайды. Қатарымызда бірліктің бар екені байқалады. Бұрын-соңды мұндай болмаған".

Президентке тағылған екі айып бойынша шешім Сенатқа жөнелтілген. Жоғарғы палата оны елдің жоғары заң инстанциясы басшысының қатысуымен сот процесі жүзінде қарастырып, шешім қабылдайды. Конгрессмендер конститция бойынша прокурор тарапында, ал жоғары палатаның өкілдері алқаби орнында болады. 

АҚШ тарихында бұған дейін тек екі президентке атап айтқанда – Билл Клинтон мен Ричард Никсонға импичмент жарияланған.

А. Рысдәулет