Атақты Виктория сарқырамасы кеуіп барады

Атақты Виктория сарқырамасы кеуіп барады

Оңтүстік Африканың жақұты ғана емес, бар әлемдегі ең әдемі табиғат көріністерінің бірі – Виктория сарқырамасы толық кеуіп кетудің аз-ақ алдында тұр.

Соңғы жүзжылдықтағы аса күшті құрғақшылық салдарынан су ағыны бәсеңдеп, сарқырама жіңішкеріп қалған. Экологтар жаһандық жылыну табиғатқа үлкен залал тигізіп жатқанын айтып дабыл қақты.

Виктория Зимбабве мен Замбия арасында орналасқан. Жергілікті жұртшылық айтуынша, қанша құрғақшылық болса да, сарқырама дәл осындай деңгейге дейін кеуіп көрмеген екен.

А. Оралқызы