2020 жылы Алматы-Париж бағыты бойынша ұшақ қатынай бастайды

2020 жылы Алматы-Париж бағыты бойынша ұшақ қатынай бастайды
Фото: vk.com

Air Astana Алматы-Париж бағыты бойынша 2020 жылдың маусым айында ұша бастайды. Рейстер аптасына 3 рет жаңа Airbus A321LR ұшағымен орындалады.

Алғашқы Airbus A321LR әуелайнері 2019 жылы қазан айында келген. Әуе компаниясы осы үлгідегі ұшақтың ТМД елдерінде бірінші пайдаланушысы болды және бір жарым жылда тағы алтауын күтеді.

Рейстер сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшырылады. Алматыдан рейс сағат 14:15-те ұшып, Парижге ұшақ сағат 18:00-де қонады, Парижден рейс сағат 19:20-да ұшып, ертеңіне сағат таңғы 06:35-те Алматыға қонады. Ұшу уақыты сәйкесінше 7 cағат 15 минутты және 7 cағат 45 минутты құрайды.

Авиабилеттің ең төменгі құны эконом-класта 191 765 теңгеден (барлық алымдарды қоса есептегенде), ал бизнес-класс билеттері 944 206 теңгеден басталады. Тарифке байланысты 32 кг жүк тапсыруға болады.

А. Оралқызы