Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Әлем чемпионаты: Әлішер Ерғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Әлем чемпионаты: Әлішер Ерғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Әлем чемпионаты: Әлішер Ерғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақ балуаны Әлішер Ерғали жартылай финалға шығып, Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алды.

97 килоға дейін салмақ дәрежесінің ширек финалында Әлішер Ерғали моңғол балуаны Батсул Улзисайханмен белдесіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті. Ал әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде ол жапон спортшысы Наои Акагуманы (11:1), артынша неміс өкілі Эрик Тилені (2:1) жеңді.

Жартылай финалда Әлішер Ерғали әлемнің үш дүркін (2014, 2015 және 2018) және 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевпен күш сынасады.

Осылайша Әлішер Ерғали Қазақстан қоржынына 2020 жылғы Токио Олимпиадасының 20-шы жолдамасын салды.

2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алғандар:

1. Ришат Хайбуллин (Спорттық құзға өрмелеу)

2. Дмитрий Баландин (100,200 метрге брасс әдісімен жүзу)

3. Ольга Рыпакова (Жеңіл атлетика)

4. Георгий Шейко (Жеңіл атлетика)

5. Евгений Гидич (Велоспорт, шоссе)

6. Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы

7. Денис Ганькин (Садақ ату)

8. Ильфат Абдуллин (Садақ ату)

9. Санжар Мусаев (Садақ ату)

10. Виталий Худяков (Ашық суда жүзу)

11. Екатерина Немич (Бейнелі жүзу)

12. Александра Немич (Бейнелі жүзу)

13. Мейрамбек Айнағұлов (Грек-рим күресі)

14. Асхат Ділмұхамедов (Грек-рим күресі)

15. Валентина Исламова (Әйелдер күресі)

16. Эльмира Сыздықова (Әйелдер күресі)

17. Нұрислам Санаев (Еркін күрес)

18. Дәулет Ниязбеков (Еркін күрес)

19. Данияр Қайсанов (Еркін күрес)

20. Әлішер Ерғали (Еркін күрес)

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: olympic.kz
Қосылған күні: 21 қыркүйек, 16:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.