Жер ғаламшарының өкпесі: Амазония өртке оранды

Жер ғаламшарының өкпесі: Амазония өртке оранды
Фото: vk.com

Бразилияның Ұлттық ғарыштық зерттеу институты Амазония орманындағы өрт ошақтарының саны 73 мыңға жеткенін хабарлайды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш екі есе аз болған.

Сан-Паулу қаласы орманнан 3 мың шақырым қашықтықта орналасса да қалың түтін астында қалды. Бұл электр энергиясының жаппай өшуіне әкелді.

Орман өрттері ғарыштан да көрінеді. Экологтар мұндай масштабтағы өрт мемлекет саясатының нәтижесі деп дабыл қағуда. Олардың айтуынша, президент Жаир Болсонару ағаштарды жаппай кесу және ауылшаруашылыққа қажет жерлерді тазарту үшін тропикалық ормандарды қатты бақылауда ұстауды қолдайды екен. Бұл аймақтардың құрғауына, жалпы климаттың өзгеруі мен өрттің өршуіне әкеледі.

Амазониядағы орман алқаптары 5,5 миллион шаршы метрді алып жатыр. Біздің ғаламшардағы оттегінің 20%-ын осы орман өсімдіктері түзеді. БҰҰ мәліметтері бойынша, соңғы жарты ғасырда олардың 17% -ы жоғалып кеткен.

А. Оралқызы