Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / АҚШ: салғырт қызметкер немесе жоғалған изотоптар

АҚШ: салғырт қызметкер немесе жоғалған изотоптар

АҚШ: салғырт қызметкер немесе жоғалған изотоптар

Әлемде кәсіби қатесі адам өмірін қиятын тек дәрігерлер емес. Энергетика саласындағы мамандардың да қатесі адамзатқа, табиғатқа залал әкеледі. Назарыңызға энергитка саласындағы жұмысшылар мен шенділердің сазға отырған (бұл жолы қауіпті изотоптармен бірге) сәтінен 5 мысалды ұсынамыз.  

Бір күні жалдамалы көліктен плутонийді ұрлап кетті...

Картинки по запросу плутоний

2017 жылдың наурызында АҚШ Энергетика министрлігінде, зертхана қауіпсіздігіне жауапты екі қызметкерге Техастан Айдахо штатына радиоактивті затты жеткізу тапсырылады. Діттеген жерге жылдам жетудің орнына, олар Сан-Антониода Marriott қонақ үйінде түнейміз деп шешім қабылдайды.

Келесі күні "мамандар" көліктің сынған терезесін көріп, плутоний мен цезийдің ұрланғанына куә болады. БАҚ шу көтеруі мүмкін деген оймен, бұлар бұл істі сол күйі жабық қалдырады. Дегенмен, 2018 жылдың шілде айында Center for Public Integrity (журналистік зерттеу орталығы) бұл оқиға туралы баяндама жазып, радиоактивті материалдардың әлі күнге қайда екенінен ешкім хабарсыз екендігін айтады.

Дегенмен, бұл жаңалықтардың арасындағы көңіл көншітері, плутоний мөлшері жарылғыш зат жасауға жеткіліксіз болған. Одан бөлек, ұрлаған адам бұның не екендігін ұқпауы мүмкін. Болжам бойынша, ұры оны есірткі түрімен шатастырып алған.

Мұражайда шелек артынан уран табылған сәт


Гранд-Каньон Ұлттық саябағына 2000-2018 жылдар аралығында демалып барған болсаңыз, уран сәулесін денеңізге сіңіріп, өзіңізбен тегін "сый" алып шығуыңыз әбден мүмкін еді.

Кеңнің бұл аймақта қайдан пайда болғаны белгісіз, дегенмен, саябақтың бас кеңсесінің жертөлесінде шелек артында уран сақтаулы болған. Оны әлдекім 2000 жылдардың басында алып келіп, балалардың жиі отыратын жеріне жасырған. Күн сайын ғимаратта бірнеше тәжірибеден өтуші маман мен қызметкерлер жұмыс істеген.  

Қызметкерлер радиоактивті сәулені 2018 жылдың наурызында анықтаған. Қызметкерлердің бірінің баласы Гейгер есептегіш құралын өзімен алып келген, нәтижесінде сол аймақта ол белсенді бола түскен. Саябақ қызметкерлері жағдайды бірден бақылауына алған. Жинақталып тұрған шелектерді ығыстырған кезде уран кеңіне тап болған.

Арнайы мамандар зерттеуден соң, уран сәулесінің қауіпті екенін және керек нормадан 400 есе артық сәуле бөлетіндігін хабарлаған.

Rolls-Royce кемесіндегі радиоактивті зат

Картинки по запросу rolls royce submarines
Автокөліктерден бөлек Rolls-Royce компаниясы суасты ядролық кемелер өндірісімен айналысады. "Ядролық" дегеннен–ақ, компания өндірісте радиоактивті элементтер қолданатынын аңғаруға болады.  

Компанияда жұмыс істейтін радиографтер рентгенді (сәулелі) аппараттарда иттербий-169 қолданып, өнімнің қаншалықты сенімді екенін тексереді. Өкінішке орай, бір күні радиоактивті зат толықтай аяқталмаған кеменің ішіне құлап кетеді. Егер оны дер кезінде анықтамағанда, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді.

Кеме ішінде жұмыс жасап жатқан үш дәнекерлеуші (сварщик) құлап түскен иттербийді байқап, не екенін анықтау мақсатында бір біріне ұсынады. Дегенмен,  мамандардың бірі дабылдың іске қосылғанын байқап, иттербийдің жай құрылғы емес, радиоактивті зат екеніне көз жеткізген.

Нәтижесінде бәрі жақсы аяқталғанымен, инспекторлар қызметкерлердің ісікке (рак) шалдығу мүмкіндігі артқанын ғана айтқан.

Айдахо Мемлекеттік Университететінде плутоний қалай жоғалған?

Айдахо Мемлекеттік университетенің зерттеу аймағында қаруларда қолданатын плутонийлер тәжірибе мақсатында жинақталған. Ядролық бақылау комиссиясының есебі бойынша, университет қабырғасында плутонийдің 14 түрлі изотобы болуы тиіс. Дегенмен, санау барысында тек 13 екені анықталған. Ал, бір плутоний үлгісі қайда жоғалғанын ешкім білмейді.

Сонымен оқиға қалай болған? Айдахода қолданылған әрбір үлгі тек бір грамм болып, арнайы қаптамамен қапталған. Жоғалған үлгі 2003 жылы сәуле бөле бастағандықтан, оны университет Ұлттық зертханадағы жабық аймаққа сақтауға жіберген. Дегенмен, радиоактивті элемент ұшты–күйлі жоғалған.

Плутонийдің бұл үлгісі ядролық жарылғыш затқа жеткіліксіз болса да, шағын жарылғыш зат үшін артығымен жетеді. Ядролық бақылау комиссиясы Айдахо штатына танытқан жауапсыздығы үшін $8500 айыппұл салған.

Мысықтың "үйшігіне" арналған толтырғыш зат қалай АҚШ тарихындағы "қымбат" ядролық апатқа себеп болды?


Үй жануарын ұстайтындар, олар шығаратын қалдықтардан арылу үшін жататын орнына толтырғыш заттарды қолданады. Ол кез келген нәрсені өзінің бойына сіңіріп алатындығымен ерекшеленеді. Ядролық қалдықтардан тез арада құтылу үшін де арнайы толтырғыштар бар. Дегенмен, оның құрамы ерекше болады. 

2014 жылы Нью-Мексикода қалдықтарды қауіпсіз жою немесе қайта өңдеу барысында жауапты маман арнайы толтырғыш зат сатып алады. Толтырғыш зат көп жағдайда бейорганикалық заттан, яғни, саздан жасалады. Сол күні жеңілдік болды ма (әлде қаптамада әлемдегі ең сүйкімді мысық бейнеленді ме, кім білсін?!) sWheat Scoop (Бидай қалақшасы) атты толтырғыш сатып алған қызметкер онымен арнайы цилиндрді толтырады. Бидайдың пайдалы екеніне қарамастан, оны мүлдем радиоактивті затпен бірге қолдануға болмайды.

Бір цилиндрге "жайғасқан" радиоактивті заттар мен бидай өзара реакцияға түсіп, нәтижесінде жарылған.  

Қуанышқа орай, ешкім зардап шекпеді. Дегенмен, 21 жұмысшы радиациямен уланған, аймақты жабуға тура келді. Бір цилиндр ғана жарылған, ал  500-ден астамы бұрыс толтырғышпен толыққан еді. Алдын алу барысында цилиндрлерді арнайы аймаққа көшіріп, ал, Ақ Үй болған жарылыстың салдарын ретке келтіру үшін  $243 миллион қаражат бөлген.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 13 маусым, 18:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.