Анджелина Джоли саяси мансабын бастамақ

Анджелина Джоли саяси мансабын бастамақ
Фото: vk.com

Голливудтың талантты актрисасы Анджелина Джоли BBC арнасына берген сұхбатында саяси мансабын бастау алдында екенін айтты.

Энджи:"Осындан 20 жыл бұрын маған біреу осындай мазмұндағы сұрақ жолдаса, күліп қана қояр едім. Қазір мен БҰҰ-ның ерікті елшісі ретінде өзімнің халыққа керек екенімді түсінемін. Менен пайда келетін салаға кетуді көздеймін",- деді. Қазір Джоли саяси босқындар мәселесімен айналысып жүр.

Джастин Уэбб сынды атақты интервьюер алған сұхбат көпшілік үшін жаңалыққа толы болды. Энджи шындығында мемлекет басшыларымен де, әскери қызметтегі адамдармен де тығыз байланыста.

Сұхбат алушының Демократиялық партия кандидаттары тізімінен көргім келеді деген ұсынысына Анджелина "Рахмет" деп қана тіл қатты.

А. Оралқызы