Google: 2018 жылдың басты оқиғалары

Google: 2018 жылдың басты оқиғалары
Фото: Google

Google іздеу жүйесі 2018 жылы ең көп сұралған оқиғалар мен адам есімдерінің рейтингін жариялады.

"Жаңалықтар" бойынша футболдан жазда Ресейде өткен әлем чемпионаты ең көп сұралған. Барлығы бойынша ең терілгені де осы - "world cup" сөзі. 

Танымал тұлғалар есімінде Меган Маркл көш бастап тұр. Гарри ханзадаға тұрмысқа шыққан ару әлем халқын шын қызықтырғанға ұқсайды. Одан кейінгі орында - Деми Ловато.

Актерлар рейтингінде Сильвестр Сталлоне алдыңғы қатарда. Оған себеп - жыл басында танымал тұлғаны қатерлі дерттен көз жұмғаны жайлы fake-news әлеуметтік желілерде желдей ескен болатын.

Google іздеу жүйесінде спортшылар арасында көш бастап тұрған Роналду не Месси емес. Канадалық баскетболшы Тристан Томпсон есімін тергендер көп болыпты. Себебі спортшы мен Хлой Кардашян арасындағы махаббат хикаясы немен аяқталарын күткендер көп болса керек, бәлкім?...

Фильм саласында жұртты "Қара қабылан" (Black Panther) туындысы көп қызықтырған. Мүмкін қара нәсілді суперқаһарманның басты рөлде болуы маңызды болған да шығар.

Телеарна шоулары мен бағдарламалары арасында Қытайдың "Яньси сарайының тарихы" драмасы көш бастаған. Бұл кинотуынды әлемнің 70 елінде көрсетіліпті.

Шведтік диджей Avici-дің қазасы (өз-өзіне қол салған) әлем жұртшылығын қамықтырғанға ұқсайды. Оның есімі іздеу жүйесінде ең көп сұралғандар қатарында. 

Н. Үсенова