Усэйн Болт ғаламның үздігі атанды

Усэйн Болт ғаламның үздігі атанды
Фото: vk.com

Ямайкалық жеңіл атлет Усэйн Болтты Жер шарындағы ең жылдам жүгіретін адам ретінде білеміз. Енді ол ғарышты бағындырды.

8 рет рекорд жаңартқан адам жетістігін салмақсыздық күйінде, яғни, ғарышта қайталағысы келді. Олимпиада чемпионы Airbus Zero-G ұшағының бортында ұйымдастырылған ғарыштық жүгіруге қатысты. Онда зымыран ішіндегі күйдің баламасы жасалды. Спортшы жарыста Жер ғаламшарында жеткен жетістігін қайталады.

Усэйн Болт нөлдік гравитацияда екі ғарышкерден де озық шықты.  Енді ол тек Жер көлеміндегі ғана үздік жеңіл атлет емес.

А. Оралқызы