Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 60-орыннан көрінді

Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 60-орыннан көрінді
Фото: Ashford Dental Centre

2018 жылы Қазақстан әлем бойынша бақытты елдер рейтингінде 60-орынға жайғасты.

Есепке сәйкес, мемлекет 5 790 ұпай жинаған. 59-орында 8 810 ұпаймен Ресей, ал Қазақстаннан кейінгі орындарда 5 762 ұпаймен Кипр, 5 752 ұпаймен Боливия және 5 739 ұпаймен Эстония тұр.

Көрші Өзбекстан елі Қазақстаннан әлдеқайда жоғары орыннан көрінді. Аталған мемлекет 6 096 ұпаймен 44-орында, Қырғызстан 5 131 ұпаймен 91-орында, ал Беларусь Республикасы 5 483 ұпаймен 73-орында тұр.

Бақыт индексі бірнеше факторға сәйкес анықталған: адам басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау, денсаулық, адамдардың өмір сүру жасының ұзақтығы, таңдау еркі, кеңпейілділігі, жемқорлыққа деген көзқарасы. Сондай-ақ, ұпай берерде «антиутопия + қалдық» және «сенім интервалы» ескерілді.

Қазақстанның антиутопия көрсеткіші 1,8 ұпайдан асып, жақсы көрсеткішке ие болды. Сонымен қатар мемлекет әлеуметтік қолдау үшін 1,5 ұпай алды. Адам басына шаққандағы ұпайдың арқасында мемлекет 1,1 ұпайды иеленді. Ал кеңпейілділік пен жемқорлықты қабылдауына 0,15 ұпай берілді. Сенім ұпайы шамамен 0,1 ұпайды құрады.

Лидерлер бестігіне Финляндия (7,632 балла), Норвегия (7,594 балла), Дания (7,555 балла), Исландия (7,495 балла) және Швейцария (7,487 балла) кірді.

Ал рейтингті бекіткен бестікке Бурунди (2 905 ұпай), Орталық Африка Республикасы (3 083 ұпай), Оңтүстік Судан (3 254 ұпай), Танзания (3 303 ұпай) және Йемен (3 555 ұпай) кірді.

 Baq.kz 

Н. Үсенова